Beeline-ның сымсыз интернеті тағы бір ауданға келді

Үйдегі сымсыз шексіз интернет Нұр-Сұлтан қаласының Үркер ықшам ауданына тартылды.

Жаңа технология жақын әрі қолжетімді бола түсті. Ықшам аудан тұрғындары оны арнаулы “Erkin+” тариф жоспарымен қолдана алады. Оған үйдегі шексіз интернет қана емес, BeeTV цифрлы телевизиясында телеарналарды, фильмдер мен телехикаяларды тәулік бойы көру мүмкіндігі де кіреді (BeeTV Free топтамасы).

Интернет Beeline SIM-картасы салынатын арнаулы Wi-Fi роутері арқылы істейді, оны 15 000 теңгеге сатып алуға болады. Қызметтің құны — 8990 тг/ай. Бұл ретте біз сымсыз интернетімізге сеніміміз сонша, егер алғашқы 7 күнде интернет сапасы Сізге ұнамаса және Сіз роутерді бізге қайтарсаңыз, тарифтің құнын толық қайтаруға дайынбыз (әрине, роутердің құны да өтеледі).

Одан ары тереңдеп, “Erkin+” тарифмен барлық телеком қызметті алу арқылы өмірді жеңілдетуге болады. Нөміріңізге тарифтегі мобильді байлаынсты қоссаңыз болды. Интернеттен бөлек, смартфонда Beeline-ға шексіз, Қазақстандағы басқа мобильді нөмірге 200 минут қоңырау шалу мүмкіндігі және еліміздегі кез келген мобильді нөмірге жолдауға 100 SMS беріледі. Мобильді байланысқа қосымша төлеудің қажеті жоқ.

Қызмет туралы толық ақпаратты мына жерден білуге болады. Игілігіңізге пайдаланыңыз!