Басты бет / Жаңалықтар

Beeline шетелдегі қазақстандықтарға тегін байланыс ұсынады

19 наурыз 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Шетелде жүрген қазақстандықтар Beeline байланысының тегін топтамаларын ала алады. Роумингте 2 ГБ интернет пен қоңырауға арналған 30 минут 30 күнге беріледі. Роумингте интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ елдерде Beeine абоненттері дауыстық қоңырауға 100 минут алады.

Қазір Beeline-ның шамамен 2 мың абоненті вирус қаупі жоғары елдерде: Қытай, Иран, Оңтүстік Корея, Италия, Франция, Германия, Испания, Швейцария, Ұлыбритания, Нидерланды, Бельгия, Швеция, Норвегия, Индия, Ирак, Филиппин және АҚШ-та жүр. Оператор әлемдегі жағдайды бақылап отыр және жағдай шиеленісетін болса, қызмет алушылар санын көбейтуге дайын.

«Осындай қиын жағдайда жақындармен байланыста болу аса маңызды. Beeline клиенттерінің қамын ойлайды, сондықтан отандастарымызды байланыспен қамтамасыз ету – заңды қадам деп санаймыз. Қосу үшін ешқандай әрекет қажет емес, минуттар мен гигабайттар топтамасы өздігінен беріледі, ал клиенттер топтаманың берілгені туралы  SMS алады», - деді Beeline Қазақстанның Маркетинг директоры Максим Цвыков.

Тарфик пен оның жарамдылық мерзімін *106# пәрмені арқылы тексеруге болады. Beeline роумингіне қосылуға болатын елдердің толық тізімімен сілтеме арқылы таныса аласыздар: https://bee.gg/roamvis-s

Жалпы алғанда Beeline роумингі 180-нен астам мемлекетке таралған. «Менің Beeline-ым» қосымшасында және Beeline.kz ресми сайтында елдердің толық тізімімен танысып, оңтайлы тариф таңдап ала аласыздар.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады. ivi – ең ірі онлайн-кинотеатр, оның аудиториясы айына 48 миллион көрерменнен асады. Ай сайын қолданушылар 70 миллионнан астам сағатын ivi-де өткізеді және 250 миллионнан астам видео көреді. Ivi-де фильмдердің, мультфильмдердің үлкен каталогы ұсынылған – бұл мейджорлар студиясының, сондай-ақ еуропалық, ресейлік және қазақстандық киноөндірушілердің картиналары. Ivi онлайн-кинотеатрын бүкіл әлемде және ТМД елдерінже көптеген құрылғыдан - Smart TV, web, Android, iOS, ойын приставкалары және т.т. – көруге болады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,

PR@beeline.kz