Басты бет / Жаңалықтар

Қазақстандықтар мобильді интернетті трафик жұмсамай қолданады

6 мамыр 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Қазақстандықтар Beeline ұсынатын шексіз мобильді интернетті қолдана алады алады. Жаңа тариф жоспары абоненттердің сұрауы бойынша жасалды. Ұсынысты Менің Beeline-ым қосымшасында қосуға болады. 

Шексіз топтамалар үш ұсыныстан тұрады. Компаниядағылар айына 2790 теңге тұратын ең арзан тарифтің өзі интернетке деген қажеттілікті қанағаттандыра алатынына сенімді. Мысалы, ол видеоны HD тсапада көруге мүмкіндік береді. Full HD және Ultra HD сапада көру үшін, сәйкесінше 3590 және 5290 теңгелік тарифті қосу керек. Beeline ұсынысында шексіз трафикке қоса, минуттар топтамасы мен BeeTV сервисіне тегін жазылу мүмкіндігі бар. 

«Beeline-ның жаңа ұсынысы трафик бітеді деп уайымдамауға мүмкіндік береді. Видео-контентті тәулік бойы көрсе де, абоненттеріміз байланыссыз қалмайды. Одан бөлек, шексіз тарифтеріміздегі модем режимі қосымша ақы талап етпейді: трафикті WI-FI арқылы туыстарыңызбен және достарыңызбен шексіз бөлісе аласыз. Бұл – смартфон қолданушылар үшін тамаша ұсыныс», - деді Beeline Қазақстанның Маркетинг директоры Максим Цвыков. 
Клиент «Анлим» тарифін сатып алмас бұрын, қандай контентті қалайтынына қарай шексіздікті сынап көре алады. «HD/FHD/MAX Анлимді сынау» қызметі 24 сағат әрекет етеді. 

Қазір Beeline байланысын Қазақстанның 5700-ден астам қаласы мен елді мекенінде пайдалануға болады. Бұл – халықтың 98%-ы, оның 70%-ы 4G стандартындағы интернетке қосыла алады.

Beeline желісі 1999 жылы ашылды. Компания Қазақстандағы ең ірі салық төлеушілердің бірі және қызметкерлерді материалды әрі уәждемелік қолдайтын ауқымды бағдарламасы бар сенімді жұмыс беруші. 
 

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz