2020 ж. 17 шілде, Нұр-Сұлтан қ.. Beeline Қазақстан COVID 19 қарсы күресте әрекет ететін елдің медициналық жұмыскерлерін Интернетке қолжетімділігі бар тегін мобильді байланысты қамтамасыз етуді жалғастыруда.
Бұл келісім Компания мен ҚР Денсаулық сақтау министрілігі арасындағы меморандуммен бекітілген.
«Жаңа реалиялар жағдайында көптеген бизнес-компаниялар әлеуметтік жауапкершілік танытып, коронавирустық инфекцияның таралуымен байланысты туындаған мәселелерді шешуге атсалысуда. Меморандумның мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүзеге асыруды қолдауға бағытталған», - деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев.
«Коронавирус соңғы айлардың басты тақырыбы болып отыр. Дәрігерлер бұл заманның бас батырларына айналды және осы күндері оларды – аурумен алдыңғы шептегі күресте болғандардың бәрін қолдау ерекше маңызды. Сондықтан біз Қазақстанда COVID-19 бар пациенттерді емдеуде жұмыс жасап отырған медициналық персоналға тегін байланыс пен интернетті ұсынуды жалғастырудамыз», - деп баяндайды Beeline Қазақстан Бас атқарушы директоры Евгений Настрадин.
Дәрігерлерге арнайы ұсыныс 2020 жылғы 17 тамызға дейін жарамды болады, оған 30 ГБ интернет трафигі мен ҚР кез келген нөмірлерге 300 минут қоңырау шалу кіреді.
Қол қойылған меморандум шеңберінде Beeline-нан байланыс пен интернетті 11 098 адам алады. Еске сала кетейік, Beeline пандемияның бірінші күндерінен бастап, елдің 19 707 медициналық жұмыскерлеріне тегін мобильді байланыс және интернет ұсынды.
Оның алдында Beeline елден тыс қалған қазақстандықтарға байланыс топтамаларын ұсынды, сондай-ақ карантин мерзіміне ТВ көрермендеріне толық топтамаларды ашты. Компания қазақстандық зейнеткерлерге және мүмкіндіктері шектеулі адамдарды тегін мобильді байланысты берді: дауыстық және интернет трафикті «Әлеуметтік» және «Хабар-лау+» тарифтік жоспарлардың барлық пайдаланушылары алды. Бұдан басқа, 286 әлеуметтік ресурстарға тегін қолжетімділік ашылды, олардың арасында әлеуметтік, білім беру сайттары және университеттердің ресми ресурстары мен дәрегрелердегі тегін қабылдауға арналған мобильді қосымшасы іске қосылды.
***
Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!
Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау, оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар, Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ M2M, MDM, E2E шешімдері.
Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.
Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.
***
Қосымша ақпарат алу үшін:
Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz