20 наурыз 2020 ж., Нұр-Сұлтан қ. Beeline еліміздегі 16000-нан астам медицина қызметкерін тегін мобильді байланыспен және интернетпен қамтамасыз етеді.
Төтенше жағдай шеңберінде жұмыс істейтін медицина қызметкерлері Қазақстандағы кез келген нөмірге қоңырау шалуға 1000 минут және 100 ГБ интернет-трафик алады.
«Індет анықталған елдерде дәрігерлерге үлкен күш түсіп тұр. Оларға тегін байланыс ұсыну – осы күндері Beeline іске асырып жатқан бастамалардың шағын, бірақ аса маңызды бөлігі. Қазір бәріміз хабарласа отырып жұмыс істеуіміз керек, бұл – сәттілік кепілі», - деді Beeline Қазақстанның Бас атқарушы директоры Евгений Настрадин.
Бастама ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірге жүзеге асырылуда.
«Карантин кезінде коронавируспен күресуде жемісті жұмыстың негізгі факторларының бірі – үздіксіз байланыс арналарының болуы. Туындаған мәселелерді жедел онлайн үйлестіру - бақылау мен профилактиканың ең қатаң шараларын сақтауға мүмкіндік береді», - деп пікір білдірді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев.
Бастаманың арнайы шарттары 2020 жылғы 30 маусымға дейін әрекет етеді.
Трафик қалдығын тексеру: *106#
Бұған дейін – карантин мен ТЖ уақытына - Beeline Қазақстан қазақстандық зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін мобильді байланыс ұсынды, шетелдерде жүрген қазақстандықтарға байланыстың тегін топтамалары берілді, сондай-ақ әлеуметтік, ресми және білім беретін 137 сайтқа тегін қосылу мүмкіндігін ашып, BeeTV көрермендеріне ТВ топтамаларын толық ұсынып отыр.
***
Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!
Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау, оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар, Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ M2M, MDM, E2E шешімдері.
Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.
Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады. ivi – ең ірі онлайн-кинотеатр, оның аудиториясы айына 48 миллион көрерменнен асады. Ай сайын қолданушылар 70 миллионнан астам сағатын ivi-де өткізеді және 250 миллионнан астам видео көреді. Ivi-де фильмдердің, мультфильмдердің үлкен каталогы ұсынылған – бұл мейджорлар студиясының, сондай-ақ еуропалық, ресейлік және қазақстандық киноөндірушілердің картиналары. Ivi онлайн-кинотеатрын бүкіл әлемде және ТМД елдерінже көптеген құрылғыдан - Smart TV, web, Android, iOS, ойын приставкалары және т.т. – көруге болады.
***
Қосымша ақпарат алу үшін:
Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,