Басты бет / Жаңалықтар

Beeline Қазақстанда BeePlay Free Fire киберчемпионатын қорытындылады

10 қыркүйек 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Beeline Free Fire бойынша BeePlay Лигасының бірінші маусымы қорытындысы шыққанын жариялайды. Лиганы ұйымдастыруға және матчтарды көрсетуге Beeline-ның бірегей құқығы бар Garena Free

Fire турнирі 2020 жылы 4 тамызда басталды және ол Қазақстанда алғаш рет өтіп тұр. Жүлде қоры – 2 миллион теңге. 
Garena Free Fire – 2017 жылы шыққан, корольдік ұрыс жанрындағы көп қолданушы ойнайтын мобильді онлайн-ойын, осы жанрдағы ең танымал ойындардың бірі – 2020 жыл шілде айының қорытындысы бойынша Google Play-ден 500 млн рет жүктелген. Алғашқы BeePlay Free Fire киберчемпионатына қатысуға қазақстандық 438 команда өтініш берді, олардың ішінен сайысқа 274 команда шықты, әр командада төрт ойыншыдан. Чемпионатқа Қазақстаннан 12 – 30 жас аралығындағы 1096 ойыншы қатысты.  

Сайыс 6 кезеңнен тұрды, яғни төрт іріктеу кезеңі, жартылай финал және финал. Соңында 1-орынды Esports ойын ұжымы иеленді: Ғабдолов “ES KAZGAMER” Әділ Болатұлы, Аканов “ES McEpa” Ернұр Дәулетұлы, Нұрғалиев “ESPSIX” Нуралы Ермекұлы и Айтбек “ES EXTAZY” Нағим Қанатұлы. Жеңімпаздар 1 000 000 теңгеден алды, оған қоса Free Fire бойынша BeePlay Лигасының келесі маусымындағы Pro дивизионынан орын иеленді. Екінші және үшінші орындар KZ TEAM және Never Give Up командаларына бұйырды, ұтысы сәйкесінше 500 мың және 250 мың. 
«Жаз қазақстандық жастардың есінде креатив пен командалық ойын рухын жетілдіретін уақыт ретінде қалуы үшін барлық жағдайды жасадық. Garena Free Fire ойынын таңдаған себебіміз – ойын Қазақстанда аса танымал және ойын комьюнитиі өте кең. Чемпионат қауымдастықтың ауқымын кеңейтті, әлеуметтік желілерде талқылаушы топтар құрылды, YouTube соны ойын видео-контентіне толды. Жастарды шығармашылық пен дұрыс сайысқа шабыттандырғанымыз үшін қуаныштымыз, ол -  қоғамды жауапты оқшауландыру кезінде аса маңызды», -  деді Beeline Қазақстанның Маркетинг директоры Максим Цвыков.

Киберчемпионатпен қатар ойын контентінің креативті байқауы өтіп жатыр, сол жерде кез келген жан YouTube алаңында Free Fire  бойынша ролик жасай алады. Жүлде қоры 500 000 теңге. 

Лига амбассадорлары – қазақстандық атақты стримерлер: қазақ тілді стример Q. BRO, оның YouTube-тегі аудиториясы жарты миллион жазылушыдан асады (Free Fire бойынша ойыншылар турнирі арасында 7-орын, ТМД), Павлодарлық стример Алтынгүл «Alti» Дүтбаева, ол орыс және қазақ тілінде қатар трансляция жүргізеді (YouTube-те 160 мың жазылушысы бар). Сондай-ақ «Казахша» стримерлері (Free Fire туринрі ойыншылары арасында 1-орын, ТМД) және KAZGAMER. Міне осылар алғашқы Beeplay чемпионатының қазылығына мүше болды. 

Free Fire бойынша Қазақстандағы алғашқы чемпионаттың серіктестері - HyperX, Adrenaline Game Fuel, VK.
  

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz