Қазақстандық киберспортшылар командасы Beeline брендімен өздерін мобильді геймингтің әлемдік қауымдастығына танытты.
Қарашаның соңында, 20 – 27 аралығында Free Fire EMEA Invitational 2021 халықаралық чемпионаты өтіп, Beeline геймерлері Үздік-10 команданың қатарына кірді. Жарыстың жалпы жүлде қоры - 200 000 доллар.
Бұған дейін біздің жас киберспортшылар командасы ТМД чемпионатында екінші орын иеленген, соның нәтижесінде халықаралық аренаға жолдама алды. Beelinе геймерлері әлемдік турнирде ТМД атынан шыққан төрт команданың бірі.
Free Fire — атақты мобильді экшн-ойын. Ол 2017 жылы ашылған және қазір Google деректері бойынша, әлемде ең көп жүктелетін ойын, сондай-ақ мобильді геймингте «Нөмірі 1 ойын» бәйгесін иеленген.
Ойынның танымал жанкүйерлері өте көп және атақты адамдармен коллаборациялары бар, мысалы, португалдық аңызға айналған футболшы Криштиану Роналдо, ресейлік музыканттар Элджэй, Jah Khalib және басқалар.
Beeline компаниясы мобильді киберспортты белсенді түрде қолдайды және оның келешегі бар әрі қарқынды дамып жатқан бағыт санайды. Компанияның жеке ойын қауымдастығы – Beeplay бар, ол Free Fire бойынша ішкі жарыстар өткізеді және оған әлеуметтік желілерде 400 000-нан астам қазақстандық жазылған.
Биыл оператор Beeline геймерлердің екі қазақстандық командасымен келесі жылғы ұзартуды жоспарлай отырып, келісімшарт жасасты. Бүгінгі таңда бұл - ірі брендтің мобильді киберспортшылармен ынтымақтастық орнатуы Қазақстандағы алғашқы жағдай. Келісімшарт аясында командалар атауларын өзгертіп, енді Beeline және Beeplay аттарымен өнер көрсетеді. Барлық ойыншы - негізінен еліміздің әр өңірінде тұратын 16 жастан асқан жас жігіттер.
Технологиялық прогрес және Beeline мобильді интернеті Қазақстанның ең шалғай елді мекендерінде қолжетімді болғанының арқасында мобильді гейминг қазір жай ғана ойын-сауық емес, заманауи жастар үшін бұқаралық спорт түріне айналуда. Мобильді электронды спортта өзіңізді сынап көру үшін қажет нәрсе - интернетке қосылған смартфон ғана.