4 мамыр 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Түркістан облысы, Мақтарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен, Beeline Қазақстан абоненттері өз мобильді операторының қызметтерін ай бойы тегін пайдалана алады.
30 күн барлық бағытпен дауыстық байланысуға арналған 100 минут және 10ГБ мобильді интернет компанияның әр клиентінің теңгеріміне берілді. Ол туралы Beeline абоненттеріне SMS арқылы хабарланды.
«Отандастарымыз үшін осы бір қиын күндерде біз бейтарап қала алмаймыз. Апаттан алғаш болып зардап шеккен Жеңіс, Жаңа тұрмыс және Нұрлы Жол ауылдарының 4000-нан астам тұрғынына тегін байланыс пен интернет түрінде қолдау көрсеттік. Бүгін су астында қалған елді мекендер саны артқаны белгілі болды. Жуырда Достық, Фердоуси және Өргебас ауылдарының тұрғындарына – Beeline клиенттеріне – тегін қызметтерді ұсынамыз», - деді Beeline Қазақстанның Бас атқарушы директоры Евгений Настрадин.
2 мамырда Өзбекстанның батысындағы Сардоба су қоймасы бөгеттерінің бірі бұзылғанын естеріңізге саламыз. Салдарынан Қазақстанның Түркістан облысындағы бірнеше ауылы су астында қалды. 22 мыңнан астам адам эвакуцияланып, оларға көмек көрсетілді.
***
Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!
Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау, оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар, Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ M2M, MDM, E2E шешімдері.
Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.
Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.
***
Қосымша ақпарат алу үшін:
Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz