Басты бет / Жаңалықтар

Енді бүкіл отбасына шексіз интернет беретін екі тариф жоспары бар!

07.10.2024

Жарты жылдан бері Beeline қолданушылары бүкіл отбасы үшін шексіз мобильді интернеті бар тарифтік жоспарды қоса алады. Жаңа тарифтік жоспарлар  — «Премиум Отбасы х3» және «Премиум Отбасы х5» енді «Менің Beeline-ым» қосымшасында қолжетімді. Алғашқы 3 айға 10% жеңілдік!

Тек бір ғана нөмірге байланыс керек пе? Бұл да бар. Ары қарай оқыңыз :)

Отбасына шексіздік 

Тек үш қадам:
1.    Тарифті «Менің Beeline-ым» қосымшасы арқылы қосыңыз. 
2.    Жақындарыңыздың нөмірін қосасыз, ал егер 2024 жылдың 31-желтоқсанына дейін үлгерсеңіз, тіпті қосымша төлемсіз. 
3.    Бірге қолданып, бірге үнемдейсіздер. 

«Премиум Отбасы» тарифтік жоспарының барлық қатысушыларына беріледі: 
- шексіз интернет, 
- Beeline-ға шексіз қоңыраулар,
- Қазақстан бойынша басқа мобильді операторлар мен қалалық нөмірлерге 500/700 минут, 
- Халықаралық қоңырауларға 30 минут, 
- 4 қызметке қолжетімділік: BeeTV қосымшасындағы кино (Kino топтамасы), hitter қосымшасындағы әуендерге premium-жазылым, BeeCloud бұлтында файлдар сақтауға 10 ГБ, Simply цифрлық картасынан саудаға +1% кешбэк.

«Премиум Отбасы» тарифтерінің басты нөмір иесі колл-орталықта, кеңселерде немесе чат-ботпен байланыста басым қызмет көрсету түріне ие болады. 

Егер «Премиум Отбасы х5» тарифін LTE WI-Fi роутерімен бірге алсаңыз, тариф жоспары бойынша бірінші ай ҚОСЫМША ТӨЛЕМСІЗ болады + келесі 2 айға 30% ЖЕҢІЛДІК беріледі! Толығырақ мұнда.

Қызықты ақпаратты осы жерде оқи аласыз (бірден қосу да қолжетімді).

Бір адамға шексіздік

Бұл «Премиум Отбасы» сияқты, алайда тек бір адамға. Шексіз интернет, Beeline-ға шексіз қоңыраулар, Қазақстан бойынша басқа мобильді және қалалық нөмірлерге 300 минут, халықаралық қоңырауларға 30 минут пен BeeTV Kino-сына, hitter әуендеріне premium-жазылым, BeeCloud-қа 10 ГБ, Simply-ден саудаға  +1% кешбэк. Әрине, айрықша қызмет. Барлығына айына 11990 теңге.  

Толығырақ оқып, осы жерде қосыңыз (бірден қосу да қолжетімді)

«Мега» жаңа +2 тарифі

Арзан әрі қарапайым керек пе? Онда «Мега 5990+» мен «Мега 7990+» арасында таңдаңыз. 10 және 25 ГБ, Beeline-ға шексіздік, Қазақстандағы мобильді және қала нөмірлерге 100 не 200 минут, кино, әуендер, бұлт пен BeeTV Kino-сына бөлек 50 ГБ.  

Бұл тарифтерге бонустар да бар — бірден 4 қызметке қолжетімділік: BeeTV қосымшасындағы Kino топтамасы, hitter қосымшасындағы әуендерге premium-жазылым, BeeCloud бұлтында файлдар сақтауға 10 ГБ, Simply цифрлық картасынан саудаға +1% кешбэк.

Бұрын іске қосылған тарифтік жоспарлар мұрағатқа кетті және қазір олардың атаулары: «Мега 4990 мұрағат», «Мега 6990 мұрағат»,«Мега Премиум мұрағат», «Премиум Отбасы 3 мұрағат», «Премиум Отбасы 5 мұрағат». Бұл дегеніміз 2024 жылдың 7 қазанына дейін қосқан қолданушыларда тарифтер қалады, ал жаңа қосылулар үшін жабық. 

Жаңалар қызық әрі тиімді. Барлық тарифтік жоспарлармен толығырақ танысып, олардың мерзімін де қарап шығыңыз. Таңдап, жақындарыңызбен байланыста болыңыз!