Басты бет / Жаңалықтар

Жабдықты жаңарту жұмыстары мерзімін ұзарту

28.05.24

Бұған дейін Астана, Көкшетау, Шымкент, Жетісайда, сондай-ақ Ақмола және Түркістан облыстарында жабдықты жаңарту жұмыстары басталғанын хабарлағанбыз. Жұмыс 2024 жылғы 31 мамырға дейін аяқталады деп жоспарланған. 

Өкінішке қарай, жұмыстың мерзімін 2024 жылғы 30 маусымға дейін ұзартуға мәжбүрміз. Ол қызметтеріміздің жоғары сапасын қамтамасыз етуге қажет жұмыс ауқымының үлкендігіне байланысты.

Мерзімді ұзарту қолайсыздық тудыруы мүмкін екенін түсінеміз, сондықтан мобильді байланыс пен интернеттің жұмысындағы ықтимал үзілістер үшін кешірім сұраймыз. 

Жұмысты мейлінше жылдам аяқтау үшін, барлық мүмкіндікті жасаймыз. Сабырлығыңызға және түсінгеніңізге рахмет.