25 сәуір 2019 ж, Алматы қ. Beeline Қазақстан студенттер арасында өткен «Интернетті жақсартамыз» диджитал жобалар байқауының нәтижесімен бөлісті. Жеңімздардың есімі 22-23 сәуір күндері Алматы қаласында өткен Enactus Ұлттық Кубогының жабылу салтанатында жарияланды.
Байқауға қатысуға барлығы 60 жоба тапсырылып, олардың он екісі қорғауға жіберілді. Әр жоба Beeline сарапшыларының жетілдіруге және жақсартуға қатысты пікірін алды. Нәтижесінде келесі командалар жеңіске жетті:
3-орын және 250 000 теңгені Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің ірі қараның саны мен жүрген жерін, сондай-ақ жайылым жерді қолдану барысын қадағалауға арналған - UAV controller жобасы иеленді.
2-орын мен 500 000 теңгені Қарағанды Ұлттық Техникалық университетінің комнадасы Otterly жобасы үшін алды, бұл - ағымдағы сұранысты талдай отырып, нақты уақыт режимінде мейрамханалар мен дәмханаларда жеңілдік беретін мобильді платформа.
1–орын және 1 000 000 теңге Астана Медициналық университетінің әйелдердің репродуктивті денсаулығын нығайтуға көмектесетін және ең мықты дәрігерлерден онлайн-кеңес алу мүмкіндігі бар WMN+ жобасына бұйырды.
«Бүгінгі таңда әллемді digital-құралдарсыз елестету мүмкін емес. Компаниямыз, нарықтағы көшбасшы ретінде, өз клиенттеріне арналған инновациялық өнімдерді жасап қана қоймай, сонымен қатар өз ойлары мен қабілеттерін іске асыруға талпынушы жастарды да белсенді қолдайды. Байқау екінші жыл өтіп отыр және келіп түскен өтініштердің деңгейі өскенін, сондай-ақ қатысушы ЖОО саны артқанын атап өту керек. Жеңімпаздарды жеңісімен құттықтаймын және байқаудың барлық қатысушысына жобаларын жүзеге асыруда табыс пен сәттілік тілеймін», - дейді Beeline Қазақстанның Корпоративтік қатынас жөніндегі директоры Алексей Бендзь.
«Enactus инновацияларды қолданатын кәсіпкерлер буынын қалыптастыруда және жастардың студент кезден-ақ өз бизнесін бастауына қол ұшын беруде. Бизнес-серіктестермен тығыз қарым-қатынас жасаудың арқасында біз кәсіпкерлікке, көшбасшылыққа және дербестікке оқытудың сапалы жүйесін жолға қойдық. Қазіргі кездегі ең өзекті тақырып – ІТ, жастар арасында осы бағытты дамытуды қолдағаны үшін және жастарды технологиялық стартаптарды жасауға шабыттандырғаны үшін Beeline Қазақстанға алғысымыз шексіз», - дейді Enactus Қазақстан президенті Альбина Ержанова.
***
Enactus – халықаралық бейкоммерциялық ірі ұйым, ол студенттерді, бизнес жетекшілерді, университеттерді біріктіреді. Enactus командалары халықтың өмір деңгейі мен сапасын жақсартуға арналған жобаларды әзірлейді және іске асырады. Нақты, әрі өлшемді нәтиже беретін жобалар ғана сәтті деп танылады. Бұл ретте студенттер өз жобаларын жүзеге асыруда айтарлықтай тәжірибе жинайды. Жобалардың көлемі мен санын, олардың бағыты мен жүзеге асырылу уақытын командалар өздері анықтайды. Enactus жобалары табыс әкелетін коммерциялық, сондай-ақ әлеуметтік болуы мүмкін. Әр команданың жұмысын тәлімгер-ұстаздар үйлестіріп, бизнес-кеңесшілер әр командаға кеңес береді. Enactus командаларының үздік жобалары аймақтық, ұлттық және халықаралық тұрақты байқаулар жүйесі арқылы анықталады. Командалар өз жобаларын, негізінен жергілікті және халықаралық компаниялардың жетекшілерінен тұратын қазылар алқасына ұсынады. Жыл сайын дүние жүзі бойынша өтетін Enactus ұлттық чемпионатының жеңімпаздары Enactus World Cup әлемдік кубогында бас қосады. Enactus байқауларының қазылар алқасына әлемдік бизнес көшбасшылары (Microsoft, Unilever, Coca-Cola, Walmart, KPMG, Pepsico, Nestle, Ford тәрізді компаниялар мен басқа да компаниялардың жетекшілері) шақырылады. Enactus бағдарламасы Қазақстанда 1995 жылы басталған.
***
Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!
Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау, оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар, Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ M2M, MDM, E2E шешімдері.
Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.
Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.
***
Қосымша ақпарат алу үшін:
Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz