???analyticsinhead??? ???analyticsinbody???
Басты бет / Жаңалықтар

Енді Beeline клиентері мен басқа байланыс операторлары сервисті бірігей қызмет көрсету орталығында алуы мүмкін

2020 ж. 15 шілде, Алматы қ. Ұялы байланыс операторлары қызмет көрсетудің жаңа форматын тестілеуді бастады. Алматыда клиенттің белгілі бір байланыс провайдеріне қатыстылығына тәуелсіз қызметтерді ұсынатын бөлшектеп сату дүкені ашылды. Қызмет көрсету орталығы абоненттерге қолжетімді кез келген қызмет түрлерін ұсынады: тарифтік жоспарды таңдау және ауыстыру, жүгінулерді қарастыру, қосымша сервистерді қосу. Байланыстан басқа, клиенттер смартфондар мен оған аксессуарларды сатып алуы мүмкін.

Оператораралық кеңсе мына мекенжай бойынша орналасқан: Түркебаев көшесі, 92, және «Мобильный мир» атына ие болды. Пилоттық жоба, болашақта Қазақстанның басқа өңірлерінде жүзеге асырылатын болады.

«Қазіргі таңда абонентте бір SIM-картадан артық болғаны – күнделікті жағдай. Жаңа қызмет көрсету орталығын аша отырып, біздің негізгі көздедеген мақсатымыз: клиенттердің компаниямен айтарлықтай қолайлы жасау. Барлық ұялы операторлар бойынша сервистер бірегей терезеде алуығыз мүмкін. Енді қазіргі сәтте қажетті кеңсені іздеумен қаланы аралап жүрудің қажеті жоқ. Пандемия жағдайында – бұл клиенттердің жайлылығына қадам ғана емес, сонымен қатар адамдар үшін бөтен адамдармен кездесуден бас тарту мүмкіндігі», - деп түсіндірді Beeline Қазақстан бас атқарушы директор Евгений Настрадин.

Beeline монобренд желісі жұмысының тұжырымдамасы клиенттердің байланыс операторына тікелей жүгіну қажет емес екенін түсіндіреді. Қызметтердің 90% онлайн және компания кеңселерінен тыс алуға болады. Алайда, клиенттермен «жанды» жұмыс жасаудың жаңа тәсілдері сервис деңгейін көтеруге және клиенттердің компаниямен байланыстарын айтарлықтай қолайлы жасауға мүмкіндік береді.

Бүгін Beeline-нан байланыс Қазақстанның 5700 астам қалалар мен елді мекендерде қолжетімді. Бұл халықтың 98%, олардың 70,2% 4G стандартты интернетке қолжетімділігіне ие. Beeline желісі 1999 жылы іске қосылды. Компания Қазақстанның ірі салық төлеушілерінің бірі және қызметкерлерді материалды және ынталандыратын кең ауқымды қолдауы бар сенімді жұмыс берушісі болып табылады. 
 

 

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz

 

???chatBotScript???