Басты бет / Жаңалықтар

«2 секундта байланысу»: Beeline мен Samsung Қазақстанда VoLTE технологиясын іске қосты

Алматы, 2 сәуір 2021 жыл. Beeline Қазақстан Samsung телефондарында Voice over LTE (VoLTE) технологиясын ісуе қосты. Оның көмегімен қазақстандықтар қоңырау шалып тұрып, 4G интернетті қолдана алады, сондай-ақ бір-бірімен екі секундта байланысады.

Оның үстіне, екі SIM-карталы құрылғыларда қатарынан екі қоңырауды қабылдауға болады. Ең басты шарты – екі абонент те VoLTE технологиясына қосылған болуы керек. 
— Beeline жемісті ынтымақтастық жолындағы Samsung-тың еңбегін бағалайды. Екі компанияның инженерлері бірнеше ай бойы Samsung смартфондарына арналған бағдарламалық жаңартуды жасап, сынақтан өткізіп, ісе қосты. Соның арқасында, Beeline-ның бұрынғыдан да көп клиенті байланыс сапасының жаңа стандартын пайдалана алады, — дейді  Beeline Қазақстанның Бас атқарушы директоры Евгений Настрадин.
 
 
— Samsung смартфондар, мобильді телекоммуникация және тұтыну электроникасысаласындағы көшбасшы ретінде, тұтынушыларға әрдайым ең үздік технология мен құрылғыларды ұсынуға тырысады. Beeline-мен бірге іске қосылған VoLTE технологиясы смартфондарымызды қолданушыларға бұрынғыдан да сапалы дауыстық байланысты пайдалануға мүмкіндік береді. Beeline-мен тығыз ынтымақтағы ортақ жұмыс байланыстың осы форматын Қазақстан аумағында енгізуге мүмкіндік берді, - деп Samsung компаниясының вице-президенті Евгений Хегай пікір бөлісті.  

Қызметті Ақтау, Атырау және Талдықорған қалаларынан басқа, Beeline-ның 4G желісі таралған барлық қалада қолдануға болады.
 
Beeline Қазақстан 9,5 млн абонентке қызмет көрсетеді. 2020 жылы компания Қазақстандағы ең ірі топ-30 салық төлеушінің қатарына кіріп, Vigo компаниясының зерттеуі бойынша мобильді интернет сапасы жағынан көшбасшы деп танылды.  
Оператор ұялы және тұрақты телефония, халықаралық және қалааралық байланыс, деректерді беру, сымсыз технологиялар негізінде ғаламторға қолжеткізу, оптикалық-талшықты қолжетімділік, Wi-Fi, сондай-ақ үшінші және төртінші буынның желі қызметтерін ұсынады.
Стандартты қызметтердің тізімінен басқа, Beeline көптеген digital-опцияларын: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистерді, конвергентті қызметтерді, NB-IOT заттар ғаламторын, сондай-ақ M2M, MDM, E2E шешімдерін ұсынады.
Samsung Electronics бүкіл әлемдегі адамдарды шабыттандырып, озық идеялар мен технологиялар арқылы тұтыну нарығының болашағын қалыптастырады. 
Компания теледидарлар, смартфондар, тасымал құрылғылар, планшеттер, тұрмыстық аспаптар, желі қондырғылары, жадылар, LSI жүйелер, құю өндірісі мен LED-шешімдер туралы қалыптасқан көзқарасты өзгертеді. 
Компанияның соңғы жаңалықтарын келесі сайттардан табуға болады:  www.samsung.kz және news.samsung.com.