2018 жылғы 5 маусымнан бастап «Бәрі» (2018), «Қалайсын», «Қалайсын+», «Премиум» тарифтік жоспарларында және 01.05.18 жылғы жаңалықтарда көрсетілмеген бірқатар басқа «Бәрі» тарифтік жоспарларда, негізгі абоненттік төлем төленбесе, Интернетке қосылу құны 1 МБ үшін 1 теңгені құрайды. Тарифтік жоспардың интернет-трафик көлемі біткен жағдайда, ары қарай Интернетке клиенттің қалауы бойынша қосымша топтама сатып алу арқылы немесе тарифтік жоспарды қалпына келтіру арқылы қосылуға болатынын есіңізге саламыз.