Басты бет / Жаңалықтар

Біз қосымша ГБ, мин және SMS пакеттерін іске қостық!

ГБ, мин немесе SMS-тер бітіп, ал тарифті мерзімінен бұрын қайта қосқыңыз келмей ме? 2023 жылдың 16 мамырынан бастап Сіздер қосымша ГБ, мин және SMS-тер қостыра аласыздар!

Қиын шаруа емес — бар болғаны қостыру командаларының бірін теруіңіз керек:

•    1 ГБ — *466*1#
•    4 ГБ — *466*2#
•    50 мин — *465*1#
•    100 мин —*465*2#
•    50 SMS — *467*1#

Қосымша пакеттердің құны бұрынғы қалпында: 1 және 4 ГБ үшін 790 және 1490 тг, 50 және 100 минут үшін 690 және 990 тг, сондай-ақ, 50 SMS үшін 590 тг.

Назар аударыңыз! Қосымша пакетті Сіз тарифті белсенді қолданып, кейінгі абоненттік төлемді жасаған болсаңыз ғана қостыра аласыз.

Пайдаңызға жарасын!

2023 жылдың 16 мамырынан бастап бірреттік пакеттерді қостыру тоқтайды.