2020 жылғы 1 маусымнан бастап Beeline-ның Сату және қызмет көрсету кеңселеріне жаңалық енгізіледі. Енді нөміріңізге қатысты кез келген ақпаратты тек электронды түрде алуға болады.
Қоңыраулардың есебін, теңгерім, тариф және қосылған қызмет туралы ақпарат – осының бәрі сұраған сәтте SMS арқылы смартфонға келеді. Сонымен қатар, мобильді құрылғыдан *802# пәрменін теріп, «Есепшотты SMS арқылы алу» қызметін пайдалануға болады.
Егер нөмір роутерге, дабылға немесе басқа «ақылды» құрылғыға салынған болса, тиісті деректер бір-екі секундта электронды поштаға жіберіледі.
Одан бөлек, Beeline-ның әрбір клиенті қызмет көрсету кеңсесіне келетін уақытын үнемдей алады. Жеке кабинетті мына жерде ашуға болады. Оған қоса, нөмірге қатысты кез келген ақпарат «Менің Beeline-ым» қосымшасында әрдайым қолыңызда болады. Оны миллионнан астам қазақстандық сәтті қолданып жүр.
«Менің Beeline-ым» қосымшасында екі шертіп, өзіңізге қажет барлық ақпаратты ала аласыз, тіпті басқа тарифке ауысып, жаңа қызметтерді қосуыңызға болады. «Менің Beeline-ым» қосымшасын қолданғанда, трафик шығындалмайды. Қаласаңыз, күнде кіріңіз: қосымшада көптеген тосынсый – ойыннан бастап, дербес жеңілдікке дейін бар.
Қағаз қаншалықты аз жұмсалса, жер бетінде соншалықты ағаш сақталып, цифрлы технологиялар алға қарай жылжи түседі. Бұл – комапния ретінде де, Қазақстан азаматы ретінде де және Жер ғаламшарының адамы ретінде де біздің ұстанымымыз. Сіз бізбен бірге деп үміттенеміз!