Басты бет / Жаңалықтар

Beeline-нан жылдам мобильді интернет: VIGO-мен дәлелденген

Өткен жылы желіні нығайту мен дамытуға бағытталған күшіміз қайтадан керемет нәтиже берді. Beeline нөмірі бар құрылғылардан бейне мен фотосуреттер қосымшалар және мессенджерлерге басқаларға қарағанда жақсырақ жүктеледі. Сонымен қатар, біздің клиенттерде онлайн ойындарда минималды лаг!

Біздің билайнның мобильді интернет сапасы Vigo-мен дәлелденген. Халықаралық тәуелсіз компания Қазақстанда тағы да миллиондаған өлшемдер жасады. Зерттеулер 2020 жылдың қазанынан бастап 2021 жылдың мамырына дейін жүргізілді және орта есеппен бүкіл ел бойынша Beeline желісінде онлайн қарау кезінде ең аз буферлеу және суреттерді веб-парақтарды ашу және хабарламалар жіберу функциясы бар қосымшаларға жылдам жүктеуі байқалды. 

2021 жылдың сәуір-мамыр айларында біржолата графикасы бар онлайн ойындар барысында мобильді интернеттің сапасы зерттелінді, және де желіні жаңартуға барлық күш-қуатымызды текке жұмсамайтындығымызға тағы да көз жеткіздік. 

Біз жаңа базалық станциялардың құрылысын жалғастырудамыз және мыңдаған адамдарды технология мен жайлы өмірге жақындатудамыз. 2021 жылы мобильді интернет 225 000-нан астам адам тұратын тағы 120 елді мекенге жеткізілді. Біз 1350 жаңа мұнара тұрғыздық және арнаның өткізу қабілетін 20% кеңейттік. Біз VoLTE жаңа технологиясын іске қостық: оның көмегімен Сіз бір мезгілде интернетті қолдана отырып, телефон арқылы сөйлесіп тұрған әңгімелесушінің дауысын қасыңызда отырғандай жақсы естисіз. 

Бұдан да басқа айтар жаңалықтарымыз көп! Толық мәлімет алу үшін мында басып, өтіңіз. Сілтеме арқылы өтіп, Beeline-ның мобильді интернет жылдамдығын тексеріп көріңіз. Мақтайсыз ба, ұрысасыз ба — біз кез-келген кері байланысты қабылдауға дайынбыз!