Басты бет / Жаңалықтар

«Гигабайт сыйла» акциясы ұзартылады

19.12.2023

Гигабайттарды 2024 жылдың 18 қаңтарына дейін сыйлауға болады. «Promo архив», «Жарқын», «Жарқын+», «Өзің жаса» және «Промо» тарифтерінде акция ұзартылады. 
18 қаңтардан кейін осы тарифтердің пайдаланушылары басқа Beeline нөмірлеріне гигабайттарды сыйлай алмайды. Бірақ уайымдауға себеп жоқ. Ескінің орнына әрдайым жаңасы келеді. Біз жаңа, анағұрлым қызықты және тиімді науқандарды дайындауға тырысамыз.
Еске саламыз, «Гигабайт Сыйла» акциясы бар басқа тарифтерде ол 2023 жылдың 18 желтоқсанына дейін әрекет еткен. Гигабайт топтамасы бар «Мега» тарифтерінде «Гигабайт сыйла» акциясы сақталады.