2023 жылдың 15 тамызында бес «Жарқын» тариф жоспарында күнделікті пакет құны өзгереді: «Жарқын 2590», «Жарқын 3290», «Жарқын 3990», «Жарқын 4990» және «Жарқын 5990». Осы күннен бастап мегабайттар мен минуттар порциясының абоненттік төлемі өзгереді, енді ол тәулігіне 290 теңге болады. Алайда бұл өзгеріс тариф бойынша байланыс ақысын уақытылы төлеп жүргендерге, яғни күнделікті пакетті қолданбайтындарға әсер етпейді.
Тариф бойынша трафик қалдығын «Менің Beeline-ым» қолданбасында немесе *106# пәрменін теру арқылы білуге болады.