6 қараша 2023 ж., Астана қаласы. «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы Қазақстанның Еуразиялық бизнес қауымдастығының (EUROBAK) премиясында «CSR» номинациясын ұтты. Марапаттау рәсімі 2 қарашада өтті. EUROBAK премиясы - «Адам ресурстарын дамыту», «Ақпараттық технологиялар және модернизация», «Маркетинг және PR» және «Корпоративті әлеуметтік жауапкершілік (CSR)» санаттарында әртүрлі секторлардағы компаниялар қабылдайтын әлеуметтік және бизнес бастамаларды жарыққа шығару үшін өткізілетін.
«Жобамыздың басты мақсаты – ауыл балаларына сапалы білім беру және дамыту үшін тең мүмкіндіктер беру. Ол ең алдымен серіктестеріміздің: «Қазақстан халқына» қорының, Білім беруді тұрақты дамыту қорының, AITAS холдингінің, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің арқасында іске асырылып, дамып жатыр. Премияда үздік атану - осындай қоғамдық қызметті бизнес-қауымдастықтың мойындауы деп білеміз. EUROBAK сыйлығының жеңімпазы болу біздің компания үшін үлкен мәртебе», - деп бөлісті Beeline Қазақстан СЕО-сы Евгений Настрадин.
«Биыл қарауға ұсынылған рекордтық 29 өтінімді біз ұзақ талқыладық. Қазылар алқасының алдында аса күрделі іріктеу міндеті тұрды, өйткені әрбір жоба компаниялар үшін, қоғам үшін - аса маңызды, әрі мәнді. Олардың саланы қамтуы мен қоғамның дамуына қосатын оң әсері бізді шабыттандырып, іскерлік қауымдастықта бірлесіп атқарған жұмыстарымыздың маңыздылығын көрсетеді. Beeline-ды CSR санатындағы жеңісімен құттықтаймыз және алдағы уақытта әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруда табыс тілейміз», - дейді EUROBAK атқарушы директоры Юлия Кусиди.
Естеріңізге сала кетейік, «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасын іске асыру үшін Beeline 2 миллиард теңге бөлді. Бұл қаражатқа еліміздің түрлі өңірлеріндегі 8 ауыл мектебі жаңартылды. Бұл мектептердің кабинеттеріне жаңа парталар, вандалға қарсы орындықтар, интерактивті тақталар, компьютерлер беріліп, STEM-кабинеттер, арт-және телестудиялар, даму бөлімдері, шеберханалар, жаңа спорт залдары, асханалар, кітапханалар жаңартылды. Мұғалімдер НЗМ оқытушыларынан білім алып, мектеп бағдарламаларын жетілдіреді және басқа ауылдардағы әріптестерімен тәжірибе алмасады. Жоба аясында 4656 бала білім берудің жаңа мүмкіндіктеріне қол жеткізді, 280 оқу кабинеті жаңартылды, 1 оқушыға жұмсалатын шығынның орташа сомасы 329 мың теңгені құрады.