21 тамыз 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Менің Beeline-ым мобильді қосымшасының мәзірінде, сондай-ақ beeline.kz сайтында cеріктес Freedom Finance Life компаниясының Corona Protect бағдарламасымен сақтандыру сервисі ашылды.
«Бұған дейін біздің компания, әрбір клиентіміз өзін қорғауы үшін және үйден шықпай-ақ қажетті затын сатып ала алуы үшін, телемедицина, коронавирус жұқтыру ықтималдығын бағалау, тағы басқа да бірқатар онлайн қызметті Менің Beeline қосымшасында ұсынған. Енді қосымшамыз бен сайтымыз арқылы сақтандыру полисін сатып алу мүмкіндігін қуана ұсынамыз», - деп Beeline Қазақстанның Цифрлы қаржы сервистерін дамыту директоры Сергей Головань атап өтті.
Өмірді сақтандырушы Freedom Finance Life компаниясы Corona Protect жобасын 2020 жылы сәуірде ашқан. Сақтандыру COVID-19 жұқтырған науқастарды ауруханаға жатқызған кездегі қаржылық қолдауды және сақтанушы өмірден өтіп кеткен жағдайда мұрагерлеріне төлем төлеуді қарастырады. Оның мүмкіндіктері мен шарттары еліміздегі тұрғындарға ғана емес, сонымен қатар шетелге сапарға шығуды жоспарлағандарға да аса ыңғайлы.
«Індет қазақстандықтарға жұға бастаған сәттен, біз халықты қаржылық тұрғыдан қорғауға және ауырған кезеңдегі қаржы ауыртпалығын жеңілдетуге арналған өнім жасауды бастадық. Мамырдың соңына қарай, полисті мыңнан астам қазақстандық ресімдеді, ал маусым айында компания алғашқы 500 000 теңге төлемді жасады. Қазір 5000-нан астам Corona Protect полисі ресімделді. Серіктесіміз Beeline Қазақстанның арқасында коронавирустан сақтандыруды ресімдеу қазақстандықтар үшін бұрынғыдан да жеңіл әрі қолжетімді бола түсті», - дейді өмірді сақтандырушы Freedom Finance Life компаниясының Басқарма төрағасы Азамат Ердесов.
Сақтандыру полисін мобильді теңгеріммен алу үшін, «Төлемдер» бөлімінде «Банктер және қаржы» бөліміне өтіп, «Freedom Finance Life COVID-тен сақтандыру» бабын табу қажет. Ашылған жолда ЖСН-ді және сақтандыру полисінің сілтемесі бар SMS-хабарлама келетін байланыс нөмірін көрсету керек. Содан соң полистің құнын жазып, оны төлеу қажет. Полистің құны – 4900 теңге. Ең көп сақтандыру төлемі – 1 000 000 теңге. Сақтандыру мерзімі – 6 ай.
«Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасына алдын ала төлеммен есеп айырысу жүйесінің барлық клиенті Android және iOS мобильді платформаларында қол жеткізе алады.
Сovid-19 вирусынан сақтандыру туралы толық ақпаратты www.ffin.life сайтынан немесе 7775 нөміріне қоңырау шалу арқылы білуге болады (қоңырау шалу тегін).
***
Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!
Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау, оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар, Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ M2M, MDM, E2E шешімдері.
Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.
Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.
***
Қосымша ақпарат алу үшін:
Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz