21.12.24
«Менің Beeline-ым» қосымшасында келесі келісімшарттық тариф жоспарлары бойынша пайдаланушылар ақпараттары дұрыс көрсетілмеуі мүмкін: «Жарқын Контракт + СуперКүш 4790», «Жарқын Контракт + СуперКүш 3990», «Жарқын Контракт + СуперКүш 3590», «Жарқын Контракт 2290», «Жарқын Контракт 3290», «Жарқын Контракт 4290», «Жарқын Контракт» және «Премиум Келісімшарт».
1.Қатысушыларды қосу мүмкіндігі қате көрсетілген.
Егер Сіз өз тариф жоспарыңызға басқа Beeline пайдаланушыларының нөмірлерін қоссаңыз, олар автоматты түрде өздерінің бұрынғы тарифтеріне қайтарылады. Бұл жағдайда абонтөлем қайтадан алынады. Қосымша абонтөлемдер мен тариф жоспары қалдықтарының нөлденіп кетуіне жол бермеу үшін осы опцияны пайдаланбауыңызды сұраймыз.
2. Интернет-пакет шексіз болып көрсетіледі.
Тарифтердің нақты толтырымы өзгеріссіз қалды. Сіз пакет қалдықтарын *106# пәрменін теру арқылы немесе 116 нөміріне қоңырау шалу арқылы тексере аласыз (қоңырау тегін).
Бұл жағдайды түзету үшін жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, түсінік танытқаныңыз үшін алғыс айтамыз!