2022 жылғы 4 -10 қаңтарда мобильді және үйдегі интернет Қазақстанда шектеулермен жұмыс істеді. Бұл ТЖ кезінде қабылданған шараларға байланысты.
Клиенттеріміз интернетті бізге қатысы жоқ себептермен қолдана алмағанына қарамастан, ынтымақ таныту борышымыз деп санадық.
Егер Сізде Beeline нөмірі болса
Еліміздегі ТЖ кезінде интернетке қосылу мүмкіндігі болмауының өтемі Beeline нөмірі бар барлық қолданушыға тиесілі.
Барлық клиенттеріміз 01.03.22 дейін жарамды 5 ГБ алады. Маңызды: 31.01.22 дейін *2022# пәрменін теру керек. Трафик өздігінен беріледі де, SMS-хабарлама келеді. ГБ аударылғанын *106# пәрменімен немесе «Менің Beeline-ым» қосымшасында тексеруге болады.
Шексіздігі бар тариф қолданатын жандар теңгеріміне аб.төлем сомасының 20%-ын алады. Өтемақы 18.01.22 дейін аударылады. Оны *106# немесе «Менің Beeline-ым» қосымшасында тексере аласыз. Өтелген қаражат 01.03.22 дейін тарифтің келесі абоненттік төлеміне ғана қолданылады.
Егер «Үйдегі Интернетті» қолдансаңыз
«Үйдегі интернет» қызметіне қаңтардың 10-ына дейін төлеп қойғандар логиніне тариф абоненттік төлемінің 20%-ын алады.
Өтемақы осы айдың соңына дейін аударылады. Оны ақпан айының абоненттік төлеміне қолдануға болады.
Қаражаттың түскенін «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасында немесе *799# пәрменімен («Үйдегі интернет» қызметіндегі Beeline байланыс нөмірінен) оп-оңай тексере аласыздар.
Бізбен бірге болғаныңызға рахмет!
Аман болыңыздар және байланыстан ажырамаңыздар!