Басты бет / Жаңалықтар

*102#, *106#, *111# пәрмендері, қош!

18.04.2024

Мобильді теңгерімді білетін *102# және 111#, сондай-ақ тариф жоспарындағы гигабайт, минут, SMS және басқа ресурстардың қалдығы білетін *106# USSD-пәрмендері 2024 жылғы 20 мамырдан бастап кезең-кезеңімен жұмысын тоқтатады. 

Кейбір пайдаланушы USSD-пәрменмен алуға үйреніп қалған толық ақпаратты «Менің Beeline-ым» қосымшасынан алуға болады. Ол – колл-орталығы, кеңселердегі кеңесшілер немесе чат-бот сияқты ресми коммуникация арнасы, Тек жеке Сіздікі. Қосымшадаға деректерді кез келген уақытта бір шертіп ала аласыз және пәрмендерді жаттау қажет болмайды. 

«Менің Beeline-ымда» нөмірге қатысты барлық ақпарат бар. Қандай қызметтер қосылғанын, байланыс пен интернетті жеңілдікпен пайдалану мүмкіндігін, интернет-трафикті қалай ұтуға болатынын, бөліп төлеу арқылы смартфонды жаңарту жолын және басқасын білуге болады. 

Сонымен қатар, «Менің Beeline-ым» банк сияқты: теңгерімнен қоғамдық көлікте жол ақысын, коммуналдық қызметтерге және сатып алған заттардың ақысын төлеуге болады. 

Ешқай пәрмен кешбэі бермейді, ал қосымша береді, Ақша енді абоненттік төлем үшін де, кино мен музыка жазылымы үшін де төлегенде қайтарылады. 
«Менің Beeline-ым» әлі жоқ па? Мына жерден жүктеңіз. 
Егер құрылғыңыз мобильді қосымшаны пайдалануға мүмкіндік бермесе, теңгерім, қызметтер және интернет туралы ақпаратты Beeline-ның ресми кеңселерінен  және біздің колл-орталықтан алуға болады. 

Пәрмендерді әлі ұмытқан жоқсыз ба? ☺