Әлем өзгеруде, онымен бірге біз де өзгереміз. Халықаралық байланысқа арналған көптеген қызметтерімізді тексеріп, клиенттеріміздің өмірін жайлы әрі ыңғайлы ету үшін, ескірген, өзектілігі жойылған қызметтерден арылып жатырмыз.
2020 жылғы 10 қарашадан бастап, «Ресейге 30 минут» қызметі жабылады. Осы қызметті қолданған барлық корпоративті клиенттерімізге қызметтің жабылатынын және әдепкі тарифке автоматты түрде көшірілетінін SMS арқылы алдын ала хабарладық. Әдепкі тариф туралы толы ақпаратпен мына жерде таныса аласыз.
Алаңдамаңыз, шетелге шалған қоңырауыңыз ең тиімді тарифпен өтуі үшін, жағдай жасап қойдық. Халықаралық танымал бағыттарға жеңілдікпен тарифтелетін International B2B қызметін қоса аласыз. Қызмет туралы толық ақпаратпен мына жерде таныса аласыз.