20.01.2025
«Үйдегі интернет» пайдаланушылары 2025 жылғы 27 қаңтардан бастап «Менің Beeline-ымда»(Android) тек логинге тіркелген байланыс нөмірімен авторизациядан өте алады.
Біз авторизациядан өтудің ең ыңғайлы әдісін ғана қалдырдық. Онымен Сізге логинді және «Үйдегі интернет» құпия сөзін жаттау қажет болмайды. Авторизация бетінде байланыс нөмірін жазып, SMS-кодты енгізсеңіз болды.
Ал егер «Менің Beeline-ымда» мобильді қызметтерді де, үйдегі интернетті де басқарсаңыз, қызметтер арасында ауысу үшін, Сіз логинді қайта-қайта ажырату қажет емес.
Сондай-ақ, байланыс нөмірімен авторизациядан өткенде, екіфакторлы аутентификация жұмыс істейді, ол профильдің қауіпсіздігін және қосымшада сақталатын жеке деректердің сақталуын арттырады.
«Менің Beeline-ым» қосымшасы жоқ па? Жүктеу үшін, шертіңіз.