6 желтоқсан 2020 жылдан бастап Нұр-Сұлтанда «Киберқауіпсіздік Нұр-Сұлтан 2020» оқуы өтеді.
Астанадағы барлық клиентіміз Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен құрылғыларына қауіпсіздік сертификатын орнату туралы SMS-хабарлама алды.
Қауіпсіздік сертификаты — бұл шифрлауды қолдайтын, хаттамалары бар, трафикті өткізу үшін қолданылатын электронды цифрлы таңбалардың жиынтығы.
Софт Қазақстанда жасалған және оны ақпараттық жүйелер мен деректерді қорғау саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган ұсынып отыр.
«Beeline Қазақстан» Интернетке қосылудың екінші провайдері бола отырып, өз тарапынан интернет ресурстарына қосылуды шектемейді. Желі ресурстарын бұғаттау мемлекеттік органдардың құзырында.
«Байланыс туралы» ҚР Заңының 26-бабы және 11-тармағы «Қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану қағидалары» бойынша, байланыс операторлары байланыс қызметін көрсету шартын жасасқан өз клиенттерінің арасында қауіпсіздік сертификатын таратады.
Beeline клиенттері сертификатты орнатудың ресми сайттағы бірізді нұсқауын сақтай отырып, қауіпсіздік сертификатын орната алады, сілтемесі міне.
Назар аударыңыз, қауіпсіздік сертификаты интернетке шығатын барлық құрылғыға (iOS/Android жүйесіндегі мобильді телефондар мен планшеттерге, Windows/MacOS жүйесіндегі дербес компьютерлер мен ноутбуктерге) орнатылуы тиіс.