Егер смартфоныңыз қытайда өндірілген болса, шұғыл көмек қызметіне қалай қоңырау шалу керек.
Қытайдың бірнеше танымал маркалы мобильді құрылғыларынан медициналық жедел жәрдем қызметіне (103), полиция (102), өрт сөндіру қызметі (101) және газ апаттық қызметі (104). Барлық қоңырау Төтенше жағдайлар департаментінің Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметінің телефон нөміріне өздігінен бағытталады – 112.
Егер осындай мәселені байқасаңыз, біздің колл-орталыққа хабарласуға асықпаңыз. Өкінішке қарай, байланыс операторы мобильді құрылғы баптауларына ықпал ете алмайды. Бірақ арнаулы қызметтерге қоңырау шалуға көмектесе аламыз. Теретін нөміріңіздің алдына 9 префиксін қоссаңыз болды:
• 9103 — жедел жәрдем;
• 9102 — полиция;
• 9101 — өрт сөндіру қызметі.
Шұғыл көмек қызметінің нөмірлерін смартфоныңыздың жазба кітабына сақтаңыз. Бірақ олар Сізге ешқашан қажет болмасын деп тілейміз!