Beeline-ның жақын маңдағы кеңсесінде кезекті онлайн бронда

Енді бос менеджерді күтуге уақыт жоғалтудың қажеті жоқ. Біз, кезекті қашықтан брондайтын жаңа қызмет аштық. 

Beeline кеңесшісіне жазылу үшін, 4747 қысқа нөміріне қоңырау шалу жеткілікті. Біз мекенжайыңызды және Сізге ыңғайлы уақытты анықтап білеміз. Жауап ретінде, тиісті ақпарат: Сізді нешеде және қай жерде күтетіні көрсетілген SMS келеді. Кездесуді белгілеу барысында Сіздің тұрған жеріңізді міндетті түрде ескереміз және кеңселеріміздің картасына сілтеме жібереміз. 

4747 нөмірі арқылы кезекті онлайн-брондау мүмкіндігі таңғы 9-дан (09:00-ден) кешкі 9-ға (21:00-ге) дейін. Қоңырау шалу да, қызмет те Beeline клиенттеріне тегін.

Мобильді байланыс пен интернетке қатысты көптеген сұрақтың жауабын әлі де «Менің Beeline-ым» қосымшасында, Beeline Қазақстанның әлеуметтік желілердегі парақтарында және біздің сайт пен Telegram-дағы робот Данадан (BotDana-мен таныстыңыз ба?) алған оңай. 

Хабарласып тұрыңыз!