16.04.24
21.05.24 бастап жеке қолданушыларда «Роумингте интернетті блоктау» қызметi жойылады.
Құрылғының параметрлерінде роумингта интернетті өшіруге болады.
iOS үшін
1. Негізгі экранда «Реттеулер» қолданбасын түртіңіз;
2. «Ұялы байланыс» түймесін, содан кейін «Ұялы деректер» түймесін түртіңіз;
3. «Деректер роумингі» сырғытпасын «Өшіру» күйіне жылжытыңыз.
Android үшін
1. Параметрлерден «Қосылымдар» қойындысын тауып, оны енгізіңіз;
2. «Мобильді желілер» тармағын таңдаңыз;
3. «Роумингтегі деректер» тармағын өшіру күйіне ауыстырыңыз.
Смартфон моделіне және бағдарлама қосу нұсқасына байланысты баптаулардағы атау мен жол әр түрлі болуы мүмкін.
Осы параметрлерді шетелге шықпас бұрын қосуды ұсынамыз.
Роумингте және шекаралық аймақтарда қызметтерді пайдалану ерекшеліктері туралы қосымша ақпаратты мына жерден табуға болады.