1 сәуір 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Қазақстанда карантин және ТЖ кезінде орын ауыстырған жолаушылар ағынына баға берді. Beeline-ның бағалауына сүйенсек, адамдардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Шымкентке және Түркістан облысына кетті. Үкіметтің коронавирустың ықтимал таралу қаупін анықтауға қатысты үндеуіне қазақстандық операторлардың ішінде бірінші болып Beeline үн қатты.
Big Data саласындағы мамандар сынақ жобасы шеңберінде иесіз деректерді өңдеп, Түркістан облысы мен Шымкенттегі адамдардың орын ауыстыру статистикасын дайындады. Қандай да бір жеке мәліметі жоқ, жалпылама түрдегі деректер жағдайды – карантин шараларының ықпалы мен вирустың пайда болуы мүмкін жаңа ошақтардың қаупін бағалауға көмектеседі.
«Біз карантин шараларын ұйымдастыруға көмектесуге келістік. Инновациялық компания ретінде, жағдайды, мысалы, роуминг аумағынан кіретіндердің саны туралы деректерді бағалаудың озық құралдарын ұсындық. Сонымен қатар, Қазақстанның әр облысындағы жолаушылар ағынының күн сайынғы динамикасын, қандай-да бір қалаға қанша адам кіргенін анықтайтын құралдарды ұсынып отырмыз. Сынақ жобасын бір өңірде іске қостық, бірақ бүкіл Қазақстаннан деректерді ұсына аламыз, вирустың таралуымен күресуде мемлекетке қуана көмектесеміз. Ең бастысы – біз ешқандай жеке мәлімет ұсынбаймыз, барлық дерек иесіз көрсеткіштер негізінде талданып, ұсынылады», - деді Beeline Қазақстанның Big Data директор Екатерина Линкевич.
Бұған дейін – карантин мен ТЖ уақытына - Beeline Қазақстан қазақстандық зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін мобильді байланыс ұсынды. Тегін байланысқа қол жеткізген дәрігерлер саны 16000 адамнан асты. Сондай-ақ, шетелдерде жүрген қазақстандықтарға байланыстың тегін топтамалары берілді. Оған қоса әлеуметтік, ресми және білім беретін 153 сайтқа тегін қосылу мүмкіндігін ашып, «Үйдегі Интернет TV» көрермендеріне ТВ топтамаларын толық ұсынып отыр.
Сонымен қатар осы кезеңде, «Жарқын» тариф қатарының абоненттері теңгеріміндегі қаражат жетпесе де, тегін байланысты және Қазнетке қосылу мүмкіндігін пайдалана алады. Осы тәрізді жеңілдіктер үйдегі интернеттің барлық қолданушысына да беріледі. 2020 жылғы 1 сәуірден бастап, айлық төлемді ұстауға қаражат жетпесе де, Kaz және Kz домені бар барлық ресурсқа қосылуға болады.
***
Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!
Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау, оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар, Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ M2M, MDM, E2E шешімдері.
Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.
Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады. ivi – ең ірі онлайн-кинотеатр, оның аудиториясы айына 48 миллион көрерменнен асады. Ай сайын қолданушылар 70 миллионнан астам сағатын ivi-де өткізеді және 250 миллионнан астам видео көреді. Ivi-де фильмдердің, мультфильмдердің үлкен каталогы ұсынылған – бұл мейджорлар студиясының, сондай-ақ еуропалық, ресейлік және қазақстандық киноөндірушілердің картиналары. Ivi онлайн-кинотеатрын бүкіл әлемде және ТМД елдерінже көптеген құрылғыдан - Smart TV, web, Android, iOS, ойын приставкалары және т.т. – көруге болады.
***
Қосымша ақпарат алу үшін:
Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz