Басты бет / Жаңалықтар

ivi онлайн-кинотеатрына жазылымды ашу арқылы, BeeTV контент бойынша бірінші орынға шықты

29 шілде 2019 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Beeline Қазақстан BeeTV көрермендеріне ivi онлайн-кинотеатрын көру мүмкіндігін ашып, Қазақстандағы осындай сервистер арасында контент саны бойынша бірінші орынға шықты.

ivi – ТМД-дағы ең ірі онлайн-кинотеатр, оның аудиториясы ай сайын бүкіл әлемнен жиналған 48 миллионнан астам көрерменді құрайды. Ай сайын қолданушылар 70 миллионнан астам сағатын ivi-де өткізеді. Енді танымал кинотеатрды BeeTV жазылымы арқылы көруге болады және ол 60000-нан астам контент: телехикаялар, мультфильмдер мен фильмдер ұсынады, соның ішінде қазақстандық картиналар да бар. Сынақ мерзімі кезінде, әдепкі тарифтермен, сондай-ақ біржолғы топтама шеңберінде жиынтықты тегін көріп, бағасын бере аласыздар.

Жазылымдар жиынтығының ivi тәрізді ірі ойыншымен толтырылуы туралы Beeline Қазақстанның Маркетинг директоры Максим Цвыков былай пікір білдірді:

«Қазір біздің сервис контент саны бойынша Қазақстанда бірінші орында тұр. Біз үш ірі серіктес сервистің басын қостық, олар - MEGOGO, Amediateka және ivi онлайн-кинотеатры, бәсекелестердің ешқайсында осы үш каталог біріктірілмеген. Бізде қазақстандық арналардың бәрі бар, сонымен қатар ресейлік және шетелдік танымал телеарналар да қамтылған. Енді көрермендеріміз бұрынғыдан да көп, рейтингі жоғары фильмдер мен телехикаяларды, сондай-ақ кино классикалары мен мультипликацияларды көре алады. Тамаша таңдалған жиынтық жағажайда жатып-ақ немесе саяжайда демалып жүріп, бір-екі шерту арқылы фильмді табуға және жарнамасыз, әрі трафик шығынысыз көруге мүмкіндік береді. Көрермендерімізге көргендері көңілдерінен шықсын және демалыстары жақсы өтсін деп тілейміз». 

BeeTV-ге жазылған көрермендердің сүйікті жазылымдарына «TV100» - қазақстандық, ресейлік және шетелдік рейтингі жоғары телеарналарға жазылу, «Премиум спорт», Setanta арналарының топтамасы кіреді. Сондай-ақ Beeline желісінде ғана қосылуға болатын Qazsport, Balapan, Tamasha TV арналары бар.

BeeTV мобильді сервисі – бұл Beeline абоненттерінің телевизия бағдарламаларын,  фильмдерді, телехикаялар мен мультфильмдерді интернет-трафикті шығындамай және жарнамасыз көру мүмкіндігі. BeeTV контентінің  саны – 125 телеарна, 7260 фильм, 1936 телехикая. BeeTV қызметінің артықшылықтары – әртүрлі құрылғыдан – компьютерден, смартфоннан және планшеттен қосылу мүмкіндігі, сондай-ақ телеарналарды тоқтатып қою және соңғы тәуліктегі телебағдарламалар архивін көру мүмкіндіктері.

Қызметті www.beetv.kz сайтында және Android, iOS операциялық жүйелеріндегі мобильді қолданбамен тұтынуға болады. BeeTV-ді қосу үшін смартфонда сайтқа кіру керек немесе мобильді қолданбаны жүктеп, қарапайым тіркеуден өтіп, топтаманы таңдау және қосу өтінішін растау қажет.

Жазылым және олардың құны туралы толық ақпаратты сілтеме арқылы таба аласыздар: https://www.beetv.kz/collections/ivi

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz