Басты бет / Жаңалықтар

BeeTV енді Қазақстанның барлық операторларының абоненттері үшін!

Көп ұзамай BeeTV мобильді теледидары бір кездері Beeline пайдаланушыларының артықшылығы болғанын ешкім есіне де алмайтын болады. 2021 жылдың 15 қазанынан бастап Қазақстанның кез келген ұялы байланыс операторының нөмірінен телеарналарды, фильмдерді, сериалдарды, мультфильмдерді, шоуларды, спорттық хабарларды және басқа да бейне контенттерді көруге болады.

Beeline, Kcell, Active, Altel, Tele2 — пайдалану қағидалары барлығына бірдей: мобильді қолданбаны жүктеу немесе сайтқа кіру керек, өз нөміріңізбен тіркеліп, қызығушылық танытатын бейне жинақты таңдап, оған бірнеше батырманы басу арқылы жазылу.

BeeTV платформасы 20 000 мыңнан астам фильмдер мен телехикаяларды, сондай-ақ 135-тен астам үздік арналарды жинады. Мазмұн үнемі жаңартылып отырады, мерекелік және жаңа маусымға арналған тақырыптық жинақтар жиі жасалып отырады.

BeeTV-ді бір уақытта бірнеше құрылғыдан — смартфоннан, ноутбуктен, компьютерден және Smart TV-ден көруге болады. Тіркелген ұялы телефон нөмірі арқылы сайтқа немесе қолданбаға кіру жеткілікті.

Сіз BeeTV-ді өзіңізге және жақындарыңызға Beeline нөмірінен тегін аша аласыз: әр бейне жинақта 7 күндік сынақ мерзімі бар. Төлем Google Play және App Store онлайн-дүкендері арқылы осы формат сізге ұнайтынын түсінгеннен кейін ғана беріледі.

Басты жаңалық: BeeTV-мен танысу құрметіне барлығы VSEMKINO промокодын пайдалана алады. Егер оны сайтқа немесе қолданбаға енгізсеңіз, фильмдер мен сериалдар 30 күн бойы тегін болады!

Бұл жаңалықты достарыңыз бен таныстарыңызға айтыңыз.

BeeTV-мен... жағымды көрсетілім тілейміз