23 ақпан 2023 ж., Астана қаласы. Beeline Қазақстан Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсетуге бағытталған "Қазақстан Республикасы Қызыл Ай" ҚБ-мен бірлескен қайырымдылық акциясының басталғанын хабарлайды.
Оператордың әр клиенті енді өз теңгерімінен «ҚР Қызыл Ай» ҚБ шотына 10-нан 172500 теңгеге дейінгі кез келген соманы аудара алады. Қайырымдылықты *7777*қайырымдылық сомасы#қоңырау пәрменімен немесе *7777# қоңырау пәрменін теріп, ашылған терезеде қайырымдылық мөлшерін көрсетуге болады. Бұл пәрмендер қоңырау шалу жолында теріледі. Жиналған қаражат туралы есеп Beeline мен Қазақстанның Қызыл Айының сайттарында және әлеуметтік желілерінде жарияланады. Әрі қарай бұл қаражат "Түркияның Қызыл Ай" және "Сирияның Қызыл Ай" қорларына аударылады.
«Сирия мен Түркияда гуманитарлық көмекке деген мұқтаждық күн сайын артып келеді. Мыңдаған адам баспанасыз қалды, құтқару жұмыстары жүргізілуде. Біз әрбір клиентіміздің шетте қалмай, зардап шеккендерге барынша көмек көрсетуіне мүмкіндік бергіміз келеді», - дейді Beeline Қазақстанның Бас атқарушы директоры Евгений Настрадин.
Естеріңізге сала кетейік, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында және Сирияның бірнеше провинциясында бірқатар жер сілкінісі болды. Anadolu агенттігінің деректеріне сүйенсек, Түркияда жер сілкінісінен 41 156 адам опат болған. Al Jazeera телеарнасы Сирияда 5,8 мыңнан астам адам қайтыс болғанын хабарлады.
Қосымша ақпарат алу үшін:
Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz