Басты бет / Жаңалықтар

Beeline қазақстандықтардың теңгерімін толтырып, ол қызмет үшін ақы алмайды

2022 жылғы 11 қаңтар сағат 13:30-дан бастап, алдын ала төлеммен есеп айырысу нысанындағы тарифке қосылған Beeline нөмірі бар жандар сенім төлемін сұрап, теңгерімге 350 теңге ала алады. *141# пәрменін теріп, қоңырау шалу пернесін басса болды. Ол үшін мобильді интернет керек емес. 

Теңгерім 350 теңгеге толтырылады, ол шұғыл қоңырау шалып, SMS жіберуге жетеді. 3 күннен соң теңгерімнен 350 теңге комиссиясыз автоматты түрде алынады.

Сенім төлемінің жаңа шарттары, адамдар аса маңызды сәтте өтінім жіберіп, теңгеріміне қаражат ала алуы үшін, Қазақстандағы төтенше жағдай кезінде әрекет етеді. 

Бұған дейін қызметтің комиссиясы болған. 2022 жылғы 5 қаңтар сағат 13:30-дан 11 қаңтарға дейін сенім төлемін қолданған барлық жанға, төленген комиссияның сомасы қаңтардың соңына дейін қайтарылады. 

Теңгеріміңізді *102# пәрменімен, сондай-ақ «Менің Beeline-ым» қосымшасында тексере алатыныңызды есіңізге саламыз: ТЖ кезінде ол интернетсіз де жұмыс істей береді. 

Теңгеріміңіз әрдайым оң болсын!