29 наурыз 2024 ж., Астана қаласы. Beeline жергілікті көлемде табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланған Батыс Қазақстан, Абай және Қостанай облыстарындағы су тасқынынан зардап шеккен елді мекендердің тұрғындарына тегін қызмет аударуды бастады.
ТЖ-ға байланысты, Beeline-ның барлық клиентіне – Қостанай облысы, Арқалық қаласының, Новый, Родина, Северный, Дачный кенттерінің, Амангелді, Торғай, Жаркөл, Тауш, Қызылжұлдыз, Қайыңды ауылдарының және Сарыбас, Жұман, Қонай, Екпінді, Ақкісі қыстауларының, Абай облысы* Мамырсу, Бозай ауылдарының және Батыс Қазақстан облысы Қоржын, Аққозы, Шалғын ауылдарының тұрғындары теңгеріміне ҚР-дағы барлық нөмірмен байланысатын 50 минут пен 50 SMS, 7 күндік 10 ГБ интернет-трафик аударылды. Ол туралы абоненттерге SMS арқылы хабарланды. Аударымды «Менің Beeline-ым» қосымшасында немесе *106# пәрменімен тексеруге болады.
Сондай-ақ, компания Ақтөбе облысының Мұғалжар, Темір және Қобда аудандары тұрғындарын тегін интернетпен және байланыспен қолдауды жоспарлауда.
Beeline жағдайды қадағалап отырады және ары қарай да басқа өңірлердегі клиенттеріне қажеттілігіне қарай тегін қызметтерді аударады.
27 наурызда Батыс Қазақстан және Абай облыстарының бірқатар елді мекенінде су тасқынының салдарынан жергілікті көлемде ТЖ жарияланғанын естеріңізге саламыз, 28 наурызда Қостанай облысында, 29 наурыз Ақтөбе қаласы мен осы облыстағы бірнеше ауданда табиғи сипаттағы ТЖ жарияланды.