Өңірдегі жарылыстан зардап шеккен тұрғындарды Beeline тегін байланыспен және интернетпен қамтамасыз етті

27 тамыз 2021 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Жамбыл облысы, Байзақ ауданындағы бірнеше ауылдың Beeline Қазкақстан клиенті болып табылатын тұрғындары өз мобильді операторының қызметтерін ай бойы тегін пайдалана алады. 

Компанияның әр клиентінің теңгеріміне 10 ГБ мобильді интернет трафик және барлық бағытқа қоңырау шалуға 100 минут берілді. Ол туралы бүкіл абонентке SMS арқылы хабарланды.

«Осындай ауыр күндерде байланыста болу аса маңызды. Қайнар, Үшбұлақ, Жібек жолы, Базарбай және Жаңатұрмыс ауылдарының жарылыстан зардап шеккен тұрғындарына отандастарының бейтарап қалмай, оларға көмек қолын созып жатқанын түсіну де өте маңызды», - деді Beeline Қазақстанның Бас атқарушы директоры Евгений Настрадин. 

26 тамызда Жамбыл облысы, Байзақ ауданындағы 28349 әскери бөлімінің аумағында оқ-дәрілердің жарылғанын естеріңізге саламыз. Жарылыс пен өрт салдарынан кемінде 66 адам, соның ішінде 11 әскери қызметкер зардап шеккен, қаза тапқан адам жоқ. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз-қызметі хабарлады.

Зардап шеккен барлық жан Тараз қалалық ауруханасына жеткізілді. Қолдағы деректер бойынша, екеуінің жарақаты ауыр. Жақын маңдағы ауылдардың тұрғындарын көшіру туралы шешім қабылданды. Жамбыл облысы әкімдігінің деректеріне сүйенсек, халық саны 250 адамнан тұратын Қайнар ауылы оқиға орнынан бір шақырымға толмайтын қашықтықта орналасқан. Сол жерде, сондай-ақ Базарбай, Үшбұлақ, Жібек жолы және Жаңатұрмыс ауылдарында эвакуация жарияланды. Соңғы дерек бойынша шамамен 1200 адам көшірілген. Адамдар Тараз мектептеріне орналастырылуда.

***

Beeline Қазақстан — Жарқын жақта өмір сүр!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау, оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар, Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, Big Data, фискалды деректер операторы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:
Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,

PR@beeline.kz