Басты бет / Жаңалықтар

Beeline су тасқынынан зардап шеккен БҚО ауылдарындағы клиенттерін тегін байланыс және интернетпен қамтамасыз етті

17 наурыз 2023 ж., Астана қаласы. Компания жергілікті көлемде табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланған Батыс Қазақстан облысының су басқан елді мекендерінің тұрғындарын тегін қызметтермен қамтамасыз етті.

Төтенше жағдайға байланысты Beeline - Алакөл, Ақтай, Қоскөл, Аққозы, Қоржын, Қосбаз, Сәуле, Қарақамыс, Алмазное және Сегізсай елді мекендерінің тұрғындарының теңгеріміне ҚР-дағы барлық нөмірге қоңырау шалуға 50 минут пен 50 SMS және 7 күнге 10 Гб интернет-трафигін аударды. Абоненттерге бұл туралы SMS арқылы хабарланды. Аударымды "Менің Beeline-ым" қосымшасында немесе *106# пәрменімен тексеруге болады.

13 наурызда Батыс Қазақстан облысының бірқатар елді мекенінде су тасқыны салдарынан жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі жарияланғанын естеріңізге саламыз. Өткен тәулікте Сырым, Қаратөбе және Шыңғырлау аудандарындағы жағдай тұрақталды. Көрсеткіштері бойынша жедел шешім қабылданатын 11 бақылау гидробекеті орнатылды.