Басты бет / Жаңалықтар

Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккен ауыл тұрғындарын Beeline тегін байланыспен және интернетпен қамтамасыз етті

4 қыркүйек 2022 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Қостанай облысы, Әулиекөл ауданындағы бірнеше ауылдың Beeline клиенті болып табылатын тұрғындары өз мобильді операторының қызметтерін ай бойы тегін қолдана алады.

Төтенше жағдайға байланысты, компанияның зардап шеккен ауылдардағы әр клиентінің теңгеріміне Қазақстандағы барлық нөмірге хабарласуға арналған 100 минут пен 100 SMS, сондай-ақ 30 күндік 10 ГБ интернет-трафик аударылды. Аударымды қысқа *106# пәрменімен тексеруге болады. Барлық абонентке SMS арқылы хабарланды. 

«Өрттен зардап шеккен отандастарымыз үшін, қиын жағдайда жалғыз емес екенін және оларға қолдан келетін көмек көрсетуге бүкіл ел ұмтылып жатқанын түсіну аса маңызды. Осындай қиын-қыстау күндерде байланыста болу аса маңызды, сондықтан  Аманқарағай, Озерное, Калинино, Лесное, Новонежинка, Люблинка және Бағаналы ауылдарындағы клиенттерімізге қызметтерімізді бір ай тегін ұсынамыз. Одан бөлек, қызметкерлеріміз – «Жылы жүрек» корпоративті бағдарламасының еріктілері зардап шеккендерге барлық өңірден гуманитарлық көмек және қаражат жинауды ұйымдастыруда», - дейді Beeline Қазақстанның Бас атқарушы директоры Евгений Настрадин.

2 қыркүйек Қостанай облысында орман өртенгенін естеріңізге саламыз. Күн қатты ыстық, аңызақ жел болғандықтан және жолдың жоқтығынан өртті өшіру қиынға соқты. Жақын ауылдардың 2000-ға жуық тұрғыны көшірілді. Соңғы деректерге сүйенсек, өрттің осы өңірдегі жалпы аумағы 9 400 гектардан асқан. 

ҚР Төтенше жағдай министрлігінң айтуынша, көмекке мұқтаж хал ық үшін жедел желі телефондары ашылып, психологтардың жұмысы ұйымдастырылды: 8 7172-53-32-84, 8 7142-50-36-24. Сонда-ақ 112 және 101 нөмірлеріне хабарласуға болады.

***

Beeline Қазақстан — Жарқын жақта өмір сүр!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау, оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар, Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: цифрлы қаржы сервистері, Big Data, фискалды деректер операторы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ M2M, MDM, E2E шешімдері. Компания Қазақстанда алғаш болып VoLTE технологиясын сынақтан өткізуді бастады.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Компания 250+ бағдарламасын жүзеге асырып, еліміздегі халық саны 250 адамнан асатын елді мекендерде 3G/4G желісінің құрылысын белсенді түрде жүргізіп жатыр.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:
Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,

PR@beeline.kz