14 сәуір 2023 ж., Астана қаласы. Еліміздің бірнеше өңіріндегі сегіз ауыл мектебі Beeline Қазақстан есебінен Назарбаев зияткерлік мектептерінің стандарттарына сай жаңартылды.
Бұл бастама «Қазақстан халқына» қоры* мен Білім беруді тұрақты дамыту қоры (FURO)* ұйысдастырған «Ауылдағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық жобасы аясында жүзеге асты.
2022 жылдың басында Beeline жаңа құрылған «Қазақстан халқына» қорына 2 млрд теңге аударды. Келісім шарт бойынша компания бөлінген қайырымдылық қаражатын қандай жобаға бағытталатынын өзі анықтады.
«2020 жылдан бастап біз серіктестерімізбен бірге «250+» жобасын іске асырып келеміз. Оның көмегімен Beeline-ның мобильді интернеті мен байланысы 1500-нан аса ауылдарда пайда болды. Енді осы ауылдардың тұрғындарының Интернетке қолжетімділігі қала тұрғындарының мүмкіндіктерімен тең. Тірек мектептерін дамыту жобасы ауыл балаларының сапалы бәсекелес білімге қолжетімділігін қамтамасыз етіп, тең мүмкіндіктер құруға ықпалын тигізеді. Бір ғана біздің қаражатымызға жабдықталған мектептерде 4500-ден астам бала оқиды, ал жалпы бағдарлама аясында мыңдаған ауыл балалары жаңа мүмкіндіктерге ие болады. Біздің қайырымдылыққа қосқан үлесіміз осындай маңызды бастаманы жүзеге асыруға көмектесетініне қуаныштымыз», - деп, Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры Евгений Настрадин ойларымен бөлісті.
Компания төмендегі мектептердің материалдық-техникалық жабдықтарын жаңартты:
1. "Досов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ, Қатаркөл ауылы,
Ақмола облысы
2. "№1 Марқакөл орта мектебі" КММ, Шығыс Қазақстан облысы
3. "№ 1 Урицкий жалпы орта білім беретін мектебі" КММ, Қостанай облысы
4. "Ақсай қаласының № 5 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ, Батыс Қазақстан облысы
5. "Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты" КММ, Түркістан облысы
6. "Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы" КММ, Аягөз қ., Абай облысы
7. "№1 Тірек мектебі (Ресурстық орталық)" КММ, Ұлытау ауылы, Ұлытау облысы
8. "Е.Сиқымов атындағы орта мектеп" КММ, Жансүгіров ауылы, Жетісу облысы
Мектептер НЗМ стандарттарына сәйкестендіріліп, жаңа модификациялық кабинеттермен, заманауи STEM зертханаларымен, арт-студиялармен, еңбек сабақтарына арналған шеберханалармен, дамытуға арналған шахмат ойнау, сурет салу, конструктор құрастыру бөлімдерімен жабдықталған.
«Біз ауылдағы білім беру мәселесін жүйелі түрде қарастырдық. Қала мен ауыл балаларының білімінде айырмашылық болмауы керек. Жобаның мақсаты – ауылдық жерлерде аймақтағы басқа ауыл мектептері үшін тірек орталықтарына айналатын флагмандық мектептер құру және олардың, әсіресе шағын мектептердің оқыту сапасын арттыру. Қазіргі уақытта білім беру жобасының ауқымын кеңейтіп, басқа аудандар мен моноқалаларда ауылдық тірек мектептерін құруды жоспарлап отырмыз», - деді «Қазақстан халқына» Қорының Басқарма төрағасы Болат Жәмішев.
«Мен «Қазақстан халқына» қорына, жобаның доноры Beeline Қазақстан компаниясына және барлық серіктестерімізге алғысымды білдіремін. Жоба көптеген азаматтар мен ұйымдардың күш-жігері мен қаражатын қамтиды және әлеуметтік маңызы шын мәнінде жоғары. Біздің алға қойған басты мақсатымыз - ауыл мен қаладағы білім деңгейінің арасындағы алшақтықты азайту. Ол мемлекеттің, облыс тұрғындарының және бизнестің бірге ат салысуы арқылы ғана мүмкін болады. Айта кететіні, жоба тек материалдық-техникалық жабдықтау мен жаңартудан ғана тұрмайды, бұл 10-15 жылға арналған ұзақ мерзімді бағдарлама. НЗМ әдістемесін ауыл мектептеріне көшіру арқылы осы мектептер басқа оқу орындарына, солардың ішінде шағын жабдықталған мектептермен тәжірибе алмасып, оларды болашақта ауыл тіршілігінің орталығына айналдыруды көздеп отырмыз», - дейді Білім беруді тұрақты дамыту Қорының директоры Данияр Тоқтарбаев.
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.
***
«Қазақстан халқына» қоры – Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен 2022 жылдың қаңтар айында қазақстандық қоғамның ең өзекті мәселелерін шешу мақсатында құрылды https://qazaqstanhalqyna.kz
Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры – ауылдағы білім беруді дамытуға арналған коммерциялық емес қор. https://furo.kz
***
Beeline Қазақстан — Жарқын жақта өмір сүр!
Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау, оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар, Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: цифрлы қаржы сервистері, Big Data, фискалды деректер операторы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ M2M, MDM, E2E шешімдері. Компания Қазақстанда алғаш болып VoLTE технологиясын сынақтан өткізуді бастады.
Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.
Компания 250+ бағдарламасын жүзеге асырып, еліміздегі халық саны 250 адамнан асатын елді мекендерде 3G/4G желісінің құрылысын белсенді түрде жүргізіп жатыр.
Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан «Veon» халықаралық телекоммуникация холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.
***
Қосымша ақпарат алу үшін:
Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz