Компания өз абоненттеріне 5 ГБ интернет береді. Өтемақыны алу үшін, 2022 жылғы 1 ақпанға дейін *2022# пәрменін теру керек. Берілген трафикті 01.03.2022 дейін қолдануға болады.
Егер клиенттің тариф жоспарында шексіз мобильді интернет болса, 2022 жылғы 18 қаңтарға дейін оның нөміріне абоненттік төлемнің 20%-ы түріндегі өтемақы аударылады. Өтелген қаражатты берілген күннен бастап, тариф пен қызметтің келесі абоненттік төлеміне қолдануға болады.
Сондай-ақ Beeline-ның «Үйдегі интернет» қызметіне 10 қаңтарға дейін төлеп, 5 – 10 қаңтар аралығында еліміздегі ТЖ режиміне байланысты қолдана алмағандар да өтемақы алады. «Үйдегі интернет» логинінің шотына тариф жоспары абоненттік төлемінің 20%-ы аударылады, ол 6 күнгі қызметтің құнына тең. Өтемақы қаңтардың соңына дейін беріледі. Оның түскенін *799# пәрменімен (тек Beeline нөмірінен) немесе «Менің Beeline-ым» қосымшасында (ҚР-дағы барлық оператордың клиенттері «Үйдегі интернет» логинімен авторизациядан өту арқылы) тексеруге болады. Қаражат ақпан айының абоненттік төлеміне қолдануға жарайды.
Одан бөлек, Beeline Қазақстан өз клиенттеріне бірқатар жеңілдік берді. Мобильді оператор еліміздегі төтенше жағдай кезіне «Сенім төлемі» қызметінің комиссиясын алып тастады. Қызметті 5 – 11 қаңтар аралығында қолданғандарға комиссия қаңтардың соңына дейін қайтарылады.
Сонымен қатар қазір Beeline-ның барлык клиенті 200 SMS және ҚР-дағы кез келген нөмірге қоңырау шалатын 300 минутты алып үлгерді. Бонустың түскенін тексеру пәрмені *106# және «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасы.
Қазір «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасы интернетсіз-ақ жұмыс істеп тұр. Бұрынғыдай, онымен байланыста қалып, нөміріңізді басқаруға, соның ішінде теңгерімді тексеруге және толтыруға, төлем жасауға және басқа да көптеген операцияға қол жеткізуге болады.
Бұларға қоса, қазақстандықтар интернет шектеулі болса да BeeTV сервисін пайдалана алады. Барлық оператордың абоненті BeeTV Free бөлімінен қазақ және орыс тіліндегі телеарналарды, фильмдер мен телехикаяларды және басқаларын тегін көру мүмкіндігіне ие.
«Біз төтенше жағдай кезінде дауыстық және SMS сервистердің тұрақты жұмыс істеп тұрғаны үшін халықтан көп алғыс алдық. Көптеген қазақстандық Beeline-ның арқасында байланыста болды. Интернеттің болмағаны үшін операторлар кінәлі емес, соған қарамастан ниеттесітігіміздің белгісі ретінде абоненттерімізге өтемақы аударужы ұйғардық. Beeline әрдайым абоненттер үшін жұмыс істейді және бір-бірімізді қолдасақ, өмірдегі кез келген жағдайдан лайықты түрде өтетінімізге сенімдіміз», - дейді Beeline Қазақстанның Бас атқарушы директоры Евгений Настрадин.
Beeline — абоненттер базасы көлемі жағынан Қазақстанда № 1 оператор екенін естеріңізге саламыз. Оператор Қазақстанда 10 миллионға жуық абонентік қызмет көрсетеді және Қазақстандағы ірі 30 салық төлеушінің қатарына кіреді.