Басты бет / Жаңалықтар

Beeline Макинскіде FWA технологиясын сынақтан өткізуді бастайды

Желтоқсанда Ақмола облысының Бұланды ауданы Макинск қаласында орнықты сымсыз интернет FWA (Fixed Wireless Access) технологиясы бойынша сынақ режимінде іске қосылады.

Сынақтан өткізуге бірінші болып келіскен үш отбасы қызметке қосылады. Қатысушыларға уақытша қолдануға СРЕ-роутерлер беріліп, екінші айдан бастап айына 7990 теңге абоненттік төлем ұсталатын «Шексіз 7990» тарифі қосылады. Қызметті белгіленген жерде (бір мекенжайда) ғана компания берген жабдықпен қолдануға болады, елді мекенде тасып жүру мүмкіндігі жоқ.

Сынақ жобасының қатысушылары Макинскіде тұратын Beeline клиенттеріне компаниядағы тізім ретімен қоңырау шалу нәтижесінде анықталады, сүзгі және ықтимал параметрлердің бірін қосу мүмкіндігі болмайды.

Сынақ мерзімі біткен соң, FWA технологиясын алғаш қолданған отбасылар қызметті ары қарай айына 7990 теңгеге қолдана бере алады. Қызметтен бас тартса, роутерді компанияға қайтару керек болады.