Басты бет / Жаңалықтар

Beeline колл-орталығына хабарласу статистикасын талдады

21 сәуір 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Beeline ұялы байланыс клиенттерінің колл-орталығына хабарласу статистикасын қорытындылады. Қоңырау соғудың негізгі себебі тариф жоспарлары бойынша кеңес алуға байланысты болды. Мұндай қоңыраулар жалпы қоңырау санының 40.5%-ын құрап тұр. Топ-5 қоңырауды келесідей көрсетуге болады: 
1. Тарифтер бойнша кеңес алу
2. Онлайн-қызметтерді, жеткізу қызметтерін қадағалау.
3. Beeline желісіне қосылуға өтініш ресімдеу. 
4. Мобильді теңгерімді тексеру өтініштері
5. Интернет жылдамдығының төмендеуіне қатысты қоңыраулар 

Карантин кезінде Beeline мобильді желісі бойынша колл-орталығына хабарласу саны 16.2%-ға артты. Бұл – абоненттердің трафигі көп топтамалары бар тариф жоспарларына ауысуына және қызмет көрсету кеңселерінің жабылуына байланысты болып отыр. Компанияда бұл үрдісті мектептердің қашықтан оқытуға және адамдардың үйден жұмыс істеуге көшуімен түсіндіруде. Бұл орайда, байланыс сапасына қатысты қоңыраулар мен сервис деңгейіне шағымдану әдеттегідей, жалпы өтініштер санының 4%-ынан аспайды. 

«Сұрақтардың жартысынан көбін «Менің Beeline-ым» қосымшасында және сайттағы жеке кабинетте шешуге болады. Абоненттерді қоңырау шалуға уақыт жоғалтпауға және колл-орталығындағы ресурстарымызды күрделі қиындықтарға тап болғандарға көмектесуге жұмсауымызға мүмкіндік беруге шақырамыз. Теңгерімді тексеру, тариф жоспарын ауыстыру, теңгерім және қоңыраулар бойынша есепшот алу, қосымша сервистерді қосу, SIM-картаны ресімдеу немесе қайта тіркеу – бірнеше шерту арқылы дербес шешілетін көптеген мәселенің бір бөлігі ғана», - деді Сату және клиенттік сервис жөніндегі коммерциялық директор Рауан Қабдрахимов. 

Бұған дейін Beeline колл-орталығы операторларының 85%-ы қашықтан жұмыс істеуге көшірілген болатын. Бұл -  қызметкерлерге де, абоненттерге де колл-орталығының қызметі мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтті. Компанияда мұның азаматтарға жаңа жұмыс орнын беретініне сенімді. Одан бөлек, колл-орталығы орынжайын жалдаудан үнемдеу есебінен, қызметкерлер штатын біршама кеңейту жоспарлануда. Клиенттер үшін, қоңырау шалу кезінде күту уақыты азаяды да, туындаған сұрақтар жедел шешіледі. 

Қазір Beeline байланысын Қазақстанның 5700-ден астам қаласы мен елді мекенінде пайдалануға болады. Бұл – халықтың 98%-ы, оның 70%-ы 4G стандартындағы интернетке қосыла алады. Beeline желісі 1999 жылы ашылды. Компания Қазақстандағы ең ірі салық төлеушілердің бірі және қызметкерлерді материалды әрі уәждемелік қолдайтын ауқымды бағдарламасы бар сенімді жұмыс беруші. 

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz