13 сәуір 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Beeline колл-орталығын ұйымдастыруды түбегейлі өзгертті. Бұл – абоненттер үшін де, қызметкерлер үшін де колл-орталығы қызметінің мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтті. Осы жолы жиналған тәжірибе ТЖ кезінде ғана емес, алдағы уақытта да қолданылады.
Операторлар енді Қазақстанның кез келген өңірінен жұмыс істей алады. Мұның азаматтарға жаңа жұмыс орнын беретініне компаниядағылар сенімді. Одан бөлек, колл-орталығы орынжайын жалдау ақысын үнемдеу есебінен, қызметкерлер штатын біршама кеңейту жоспарлануда. Клиенттер үшін қоңырау шалу уақыты қысқарып, туындаған сұрақтар жедел шешіледі.
«Бүкіл әлемдегі колл-орталықтары ұзақ уақыт жүріп жеткен және әлі де жүріп келе жатқан жұмысты біз санаулы күнде жасадық. Операторлардың басым бөлігі үйден жұмыс істейді. Бірінші кезекте біз клиенттерге сапалы қызмет көрсетуді жалғастыра отырып, қызметкерлеріміздің денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мақсат тұттық. Мұндай қадамды біз сақтап қана қоймай, болашқта колл-орталығын ұйымдастыруда негіз қылып аламыз. Бұл- мобильділігі төмен азаматтарды, сондай-ақ кеңселерді ұнатпайтын және қашықтан жұмыс істегенді жақсы көретін жастар үшін жұмысқа орналасудың тамаша мүмкіндігі», - деді Beeline Қазақстанның Сату және клиенттік сервис жөніндегі коммерциялық директоры Рауан Қабдрахимов.
Beeline колл-орталығына операторларды алуды жалғастыруда. Жаңа қызметкерлер үйден жұмыс істей алады. Компания қызметкерлерді оқытып, барлық қажет жабдықпен қамтамасыз етеді. Бос жұмыс орнына компанияның ресми сайтындағы «Мәнсап» бөлімінде трікелуге болады.
Колл-орталығының жұмысын жетілдіру үшін, үйден жұмыс істейтін қызметкерлерді интернетке орнықты қосу бойынша бірқатар шара атқарылуда – өз ауысымында әр оператор үнемі байланыста болады: тарифтер бойынша кеңес береді, қызметтерді қосуға көмектеседі және т.с.с. Колл-орталығына келген барлық қоңырау кезекке қойылады, оператор алдыңғы өтінішті өңдеуді аяқатаған бетте, келесіне көшеді. Желідегі күту уақытын азайту үшін, колл-орталығы операторларының саны Ашық кеңсе қызметкерлерінің есебінен көбейтілді.
Қазір Beeline байланысына Қазақстанның 3700-ден астам қаласы мен елді мекенінде қол жеткізуге болады. Бұл – халықтың 95%-ы, олардың 65%-ы 4G стандартындағы интернетке қосыла алады. Beeline желісі 1999 жылы ашылды. Компания Қазақстандағы ең ірі салық төлеушілердің бірі және қызметкерлерді материалды әрі мотивациялық қолдайтын ауқымды бағдарламасы бар сенімді жұмыс беруші.
***
Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!
Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау, оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар, Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ M2M, MDM, E2E шешімдері.
Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.
Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.
***
Қосымша ақпарат алу үшін:
Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz