3 ақпан 2020 ж., Алматы қ. Beeline Алматыда желіні ауқымды жаңарту аяқталғанын хабарлайды. Байланыс операторы 100-ден астам базалық станцияны іске қосты. Мұның бәрі жаңа нысан, олар клиенттердің қажетіне қарай салынды және қазір сигналды оңтайлы таратып тұр.
«Алматы – шеринг бойынша серіктесіміздің еншісінде болған қала. Енді, КСеллмен желіні бірге пайдалану туралы келісімнен шыққан соң, біз желінің таралымын толықтай Beeline клиенттерінің қажеттілігіне қарай бейімдеп алдық. Бұл жұмысты жүзеге асыруға жарты жылдай уақыт кетті, енді оған абоненттер лайықты баға беретініне сенімдіміз», - деді Beeline Қазақстанның Техникалық директоры Олег Снимщиков.
Жиіліктерді біріктіріп, базалық станциялардың орналасу тығыздығын арттырудың арқасында Beeline мобильді интернеттің орташа жылдамдығын екі есе арттырды. Мобильді жетістік көрсеткіші айтарлықтай өсті - 72%-дан 98%-ға дейін. Бұл көрсеткіш 2G/3G/4G желілері арасында ауысу жетістігін білдіреді, яғни сессиялардың ажырап қалуы мен байланыстың үзіліп қалуын мейлінше төмендетеді.
2019 жылдың бірінші жартысында компанияда желіні ауқымды түрлендіру жобасы басталды. Ол, қалаларда «ақ нүкте» қалдырмай, жылдамдығы жоғары интернеттпен қамтамасыз ететін жаңа базалық станцияларды салу мақсатында, желінің таралымын толық талдауды көздейді. Көптеген нысандағы қондырғыны ауыстыру – мәліметтерді жолдау жылдамдығын 4.5G және 4.9G деңгейлеріне дейін жеткізуге және келешекте базалық станцияларды 5G стандартында жұмыс істеуге жылдам көшіруге жағдай жасайды.
Қазір Beeline байланысына Қазақстанның 3700-ден астам қаласы мен елді мекенінде қосылуға болады. Бұл – халықтың 95%-ы, оның 65%-ы 4G стандартындағы интернетке қол жеткізе алады. Beeline желісі 1999 жылы ашылған.
***
Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!
Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау, оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар, Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ M2M, MDM, E2E шешімдері.
Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.
Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады. ivi – ең ірі онлайн-кинотеатр, оның аудиториясы айына 48 миллион көрерменнен асады. Ай сайын қолданушылар 70 миллионнан астам сағатын ivi-де өткізеді және 250 миллионнан астам видео көреді. Ivi-де фильмдердің, мультфильмдердің үлкен каталогы ұсынылған – бұл мейджорлар студиясының, сондай-ақ еуропалық, ресейлік және қазақстандық киноөндірушілердің картиналары. Ivi онлайн-кинотеатрын бүкіл әлемде және ТМД елдерінже көптеген құрылғыдан - Smart TV, web, Android, iOS, ойын приставкалары және т.т. – көруге болады.
***
Қосымша ақпарат алу үшін:
Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz