20 ақпан 2020 ж., Алматы қаласы. Beeline мен ScrumTrek компаниясы әртүрлі саладағы Agile әдістемесіне қатысты конференция өткізді. Қазақстан, Ресей және Қырғызстаннан жиналған сарапшылар өз тәжірибелерін бөлісіп, нарықтың әртүрлі саласында Agile жұмысының қағидаларын қолдану мүмкіндігін талқылады, бизнес-икемділікке деген эволюциялық қадамдарды таныстырды.
Agile әдістемесі – жұмыс үдерісін ұйымдастырудың жаңа озық тәсілі, ол ІТ саласы мен инновациялық шешімдер жасалатын және өзгерістерге қарай шұғыл шешім қабылдауды қажет ететін салаларда аса өзекті. Бұл орайда, әдістеме операция шығындарын азайтуға, үдерістер мен жобаларды ұйымдастыруды оңтайландыруға, сондай-ақ жүзеге асыруға және оның уақытына жиі әсер ететін артық бюрократиядан құтылуға мүмкіндік береді. Agile қағидалары маркетинг, жобаларды басқару, сервисті жетілдіру, қаржы салаларында қолданылады.
«Beeline телекоммуникация нарығында ғана емес, сонымен қатар ішкі жұмыс үдерістерін ұйымдастыруда да жаңа бағыттарды белсенді қолданып, дамытады. Agile әдістемесін қолдану әртүрлі жобаны жүзеге асыру мерзіміне оң әсер етіп, жалпы жақсы нәтиже берді. Мобильді қосымшаларды жасаушыларымызбен және басқа ІТ мамандармен осы форматта жұмыс істеген – бюрократиялық үдерістердің орнына, даму, жаңа, әрі қызықты міндеттер мен жасақтамаларды жүзеге асыру аса қызық болды», - деді Beeline Қазақстанның Agile трансформациясы қызметінің жетекшісі Марат Жүнүсов.
***
Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!
Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау, оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар, Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ M2M, MDM, E2E шешімдері.
Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.
Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады. ivi – ең ірі онлайн-кинотеатр, оның аудиториясы айына 48 миллион көрерменнен асады. Ай сайын қолданушылар 70 миллионнан астам сағатын ivi-де өткізеді және 250 миллионнан астам видео көреді. Ivi-де фильмдердің, мультфильмдердің үлкен каталогы ұсынылған – бұл мейджорлар студиясының, сондай-ақ еуропалық, ресейлік және қазақстандық киноөндірушілердің картиналары. Ivi онлайн-кинотеатрын бүкіл әлемде және ТМД елдерінже көптеген құрылғыдан - Smart TV, web, Android, iOS, ойын приставкалары және т.т. – көруге болады.
***
Қосымша ақпарат алу үшін:
Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz