Басты бет / Жаңалықтар

Beeline аймақтағы кеңселерді клиенттерге қызмет көрсетудің жаңа үлгісіне ауыстыруда

12 наурыз 2020 ж., Өскемен қаласы. Beeline-ның Өскемендегі жаңа кеңсесі жұмысын жаңа үлгіде бастады. Байланыс қызметтерінен бөлек, орталыққа келушілер смартфондар мен олардың әбзелдерін сатып ала алады. Beeline-ның монобрендті желісінің жұмыс тұжырымдамасы енді клиенттерге байланыс операторына тікелей хабарласу қажет емес екенін білдіреді. Қызметтің 90%-ын онлайн және кеңседен тыс жерде алуға болады.

«Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы абоненттеріміз Beeline-ның орталық кеңсесінен басқа жерлерде де жоғары деңгейде қызмет алуға дағдыланып қалған. Адам көп жиналатын барлық негізгі жерде өкілдіктеріміз бар, ең бастысы, біз желідеміз. Қазір қызмет көрсететін ресми орталықтарды негізінен егде буын клиенттері пайдаланады. Шын мәнінде, SIM-картаны сатып алуды және оны тіркеуді, смартфон немесе роутер сатып алуды, қызметтерді қосуды қашықтан-ақ атқаруға болады. Клиенттеріміздің сауалдары санаулы минуттарда бірнеше шерту арқылы шешілуі үшін, осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз», - деді Сату және клиенттік сервис жөніндегі коммерциялық директор Рауан Қабдрахимов.

Шығыс Қазақстан облысы – Қазақстандағы келешегі зор өңірлердің бірі. Beeline клиенттері сервис жетістіктерін қуана қабылдап, жаңа өнімдерді пайдаланады. Сол себепті осы өңір желіні дамыту тұрғысынан басым бағыттарға кіреді. 2019 жылы Шығыс Қазақстан облысында бірден 10 елді мекен 4G желісімен қамтылды. Қолданыстағы LTE-желілердің қуаты біршама арттырылды, интернеттің орташа жылдамдығы 6,508 Mbps. Нәтижесінде, абоненттердің трафик тұтыну көлемі екі еседен артық өсті: 2019 жылғы тәулігіне 41981 Гигабайттан, 2020 жылдың басында тәулігіне 94042 Гигабайтқа жетті.

«2019 жылдың басынан бері Beeline Қазақстан жүргізіп келе жатқан желіні ауқымды түрлендіру жұмыстары халқы өте аз елді мекендерге де жылдамдығы жоғары интернет ұсынуға бағытталған. Біз халық саны 250+ ауылдарды LTE желісімен қамтамасыз ету міндеттемесін мойынымзға алдық. Бірақ, желіні дамыту қарқыны мен оған салынатын инвестициямыз өте жоғары, кең жолақты қосылу мүмкіндігін 50 адам тұратын елді мекендерге де жеткізуді жоспарлап отырмыз. Сол себепті қызмет көрсететін кеңселердің кең желісі тұжырымдамасынан клиенттеріміздің кез келген сервис түрін қашықтан алуына жағдай жасауға назар аударудамыз», - деп Beeline Қазақстанның Техникалық директоры Олег Снимщиков пікір білдірді.

Өскемендегі Beeline кеңсесінің мекенжайы: Горький көшесі 64.

2019 жылдың бірінші жартысында компанияда желіні ауқымды түрлендіру жобасы басталды. Ол, қалаларда «ақ нүкте» қалдырмай, жылдамдығы жоғары интернеттпен қамтамасыз ететін жаңа базалық станцияларды салу мақсатында, желінің таралымын толық талдауды көздейді. Көптеген нысандағы қондырғыны ауыстыру – мәліметтерді жолдау жылдамдығын 4.5G және 4.9G деңгейлеріне дейін жеткізуге және келешекте базалық станцияларды 5G стандартында жұмыс істеуге жылдам көшіруге жағдай жасайды.

Қазір Beeline байланысына Қазақстанның 3700-ден астам қаласы мен елді мекенінде қосылуға болады. Бұл – халықтың 95%-ы, оның 65%-ы 4G стандартындағы интернетке қол жеткізе алады. Beeline желісі 1999 жылы ашылған.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады. ivi – ең ірі онлайн-кинотеатр, оның аудиториясы айына 48 миллион көрерменнен асады. Ай сайын қолданушылар 70 миллионнан астам сағатын ivi-де өткізеді және 250 миллионнан астам видео көреді. Ivi-де фильмдердің, мультфильмдердің үлкен каталогы ұсынылған – бұл мейджорлар студиясының, сондай-ақ еуропалық, ресейлік және қазақстандық киноөндірушілердің картиналары. Ivi онлайн-кинотеатрын бүкіл әлемде және ТМД елдерінже көптеген құрылғыдан - Smart TV, web, Android, iOS, ойын приставкалары және т.т. – көруге болады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz