10 қазан 2019 ж., Алматы қаласы. Beeline Қазақстан корпоративті клиенттерге арнап, Big Data негізіндегі «Мобильді жарнама» сервисін іске қосты. Қызметтер мен тауарларды тек мүдделі жандарға ұсынуға мүмкіндік беретін бағдарлама туралы журналистерге 9 қазан күні Алматыда өткен медиаклуб барысында Big Data директоры Екатерина Линкевич айтып берді.
«Мобильді жарнама» қызметі Beeline Business клиенттеріне ұсынысты, таргетингтің 400-ден астам өлшемшарты бойынша іріктелген сегментті аудиторияға жеткізуге мүмкіндік береді. Инновациялық сервистің арқасында, тиімділік стандартты SMS-таратылымдармен салыстырғанда жеті есе артық болады. Сонымен қатар SMS және пуш-хабарлама тәрізді коммуникация арналарына қол жеткізуге болады, жарнама арналарының digital-бағыттары да дамуда.
Хабарлама клиенттерге, абоненттің алдын ала келісімін алған соң ғана жіберіледі.
«Beeline Business аудиториясы Қазақстандағы ең ірі аудиториялардың бірі. Жаңа сервис жарнамалық науқандарды оңтайландырып, тиімділігін көтеруге мүмкіндік береді, бұл орайда, спам әсері болмайды. Мұндай тәсіл клиенттердің қажеттілігін дәл болжап, оларды мейлінше қанағаттандырады», - деді Beeline Қазақстанның Big Data директоры Екатерина Линкевич.
Бұған дейін 2019 жылы Big Data-ның скоринг және верификация қызметтері іске қосылған, ол клиенттерге несие тарихынсыз-ақ, ұялы байланыс қызметтерін қолдануға қатысты деректердің сараптамасы негізінде қарыз алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, банк клиенттері карталарындағы алаяқтық транзакциялар санын азайтуға бағытталған Bank Notification сервисі ашылды.
Beeline Business – бұл байланыс пен мобильді және тұрақты байланыстың кешенді шешімдерінің мультисервистік өткізушісі. Beeline Business клиенттері мәліметтерді жолдаудың әртүрлі технологияларына, қорғалған корпоративтік желілерге, тұрақты және мобильді телефонияға, 185-тен астам елдегі роумингке, тағы басқа да қызметтерге қол жеткізе алады. Клиенттер бизнесінің тиімділігін арттыру үшін, GPRS Corporate Access, SMS Клик, BeeTV, Mobile Device Management IoT, Big Data тәрізді заманауи қызметтер жүзеге асырылды.
***
Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!
Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау, оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар, Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ M2M, MDM, E2E шешімдері.
Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.
Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.
***
Қосымша ақпарат алу үшін:
Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz