Beeline Қазақстан жұмысқа қаьылдау барысында заманауи чат-ботты қолданады

08 ақпан 2021 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Beeline Қазақстан рекрутинг үдерісіндегі жаңа «HR Messenger» серіктес-көмекшімен ынтымақта жұмыс істейтін болды.

«HR Messenger» - HR саласындағы күнделікті қайтамала әрекеттерді шешудің, компания мәселелерін түсінудің және қызметкерлер арасындағы қарым-қатынасты жақсартудың жан-жақты қызметі. Өнім жұмыс үдерістерін кез келген қолданушыға мейлінше ықыласты әрі түсінікті меншікті технологиялармен оңтайландырады.

Қызметкерлерді іріктеу үдерісін жетілдіру үшін не жасалды:

✔️ Рекрутинг, сұхбаттарды белгілеу және сұхбат туралы еске алу функциясы бар чат-бот енгіздік;

✔️ Чат-ботпен рекрутердің 1 жұмыс күнін оңтайландырдық (үміткерлерді сұхбатқа шақыру);

✔️ Чат-ботпен жұмыс істегенде, сұхбатшыларды мейлінше көп– 3000-нан астам адам қостық;

Қазір чат-бот 21 бос жұмыс орнымен бір уақытта жұмыс істеп тұр, ал қызмет аясына аптасына шамамен 2000 адам келеді.

Қазірдің өзінде алғашқы нәтижелер бар: чат-ботты енгізгенге дейін сұхбаттан 20 үміткермен сұхбат өтіп, 15-і оқуға кіріссе, чат-ботпен олардың саны сәйкесінше 36 және 22 болып өсті.

Ішкі зерттеулер жұмыс беруші ретінде Beeline-ды ұсыну көрсеткіші 2019 жылмен салыстырғанда 12 пунктке өскенін көрсетті. Beeline Қазақстанда қазір 4000-нан астам адам жұмыс істейді. Қызметкерлердің үштен бірі компанияда 10 жылдан артық еңбек етуде. Жыл сайын компания адам ресурстарын басқару саласындағы 20-дан астам инновациялық үдеріс енгізеді.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау, оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар, Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, Big Data, фискалды деректер операторы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:
Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz