Басты бет / Жаңалықтар

Beeline мен Alageum Electric цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы ортақ меморандумға қол қойды

24 қазан 2019 ж., Нұр-Сұлтан. Beeline Қазақстан мен Alageum Electric ақпараттық-коммуникациялық технология, телекоммуникация қызметтерін түрлендіру аясында ұсыныстарды әзірлеудегі өзара қарым-қатынас, білім, тәжірибе және инновациялық шешімдер алмасу тақырыптарындағы ынтымақтастықты өзара түсіну меморандумына қол қойды. Меморандум мақсаты – өндіріс үдерістерінің және жалпы компания қызметінің тиімділігін көтеру мақсатында, сондай-ақ өндірілетін өнімнің экспортын арттыру мақсатында «Alageum Elecrtic» АҚ АКТ-ның даму стратегиясын бірігіп әзірлеу.

Екі компанияның ынтымақтастығының келешегі бар бағыттарының бірі – қазір ұялы байланыс операторы Шымкентте сынақтан өткізіп жатқан 5G технологиясы. Келешекте коммерциялық қолданысқа енгізілген соң, желінің бесінші буыны өндірісті цифрландырудың негіздерінің бірі болып табылатын ақылды технологияларды белсенді енгізіп, дамытуға мүмкіндік береді.

«Beeline корпоративті клиенттерге коммуникация саласының қазіргі таңдағы ең озық шешімдерін ұсынады. Біз ТКШ және ауыл шаруашылығы салаларындағы ақылды технологияларды сәтті енгізіп жатырмыз. «Alageum Electric» АҚ-мен орнаған ынтымақтастық, цифрландыру бағытындағы тәжірибемізді жаңа деңгейге көтеретініне, ал серіктестерімізге өз өндірісін жетілдіріп, ойға алған көрсеткіштерге жетуіне мүмкіндік беретініне сенімдімін», деді Сату және клиенттік сервис жөніндегі коммерциялық директор Рауан Қабдрахимов.

«Alageum Electric» компаниясы – Қазақстанның ірі электр техникалық компаниясы электр энергетикасы, электр машина жасау және құрылыс салу саласында сәтті әрекет ететін 30-дан астам кәсіпорын мен зауытты қамтиды. Мұндай кәсіпорындардың ішінде – Кентау Трансформатор Зауыты (Кентау қ.) және «Электрмонтаждау бұйымының зауытын» қамтитын орасан зор тәжірибесі мен 10 мамандандырылған монтаждау басқармасы бар, кез-келген қиындықтағы электрмонтаждау жұмыстарын орындайтын «Электрмонтаж» АҚ мамандандырылған компания бар, кабель трассалар жүйесін жасайтын Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын.

Beeline Business – бұл байланыстың мультисервистік өткізушісі. Beeline Business әдепкі мобильді және тұрақты қызметтер тізімінен бөлек, көптеген digital-өнімдерді: мобильді қаржы, конвергентті қызметтер, мультимедиялық сервистер, соның ішінде ауқымды деректерді талдау қызметтері (Big Data), бұлтті SaaS шешімдер, бұйымдар интернеті, сондай-ақ Mobile Device Management (MDM) және E2E шешімдерін ұсынады

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады. ivi – ең ірі онлайн-кинотеатр, оның аудиториясы айына 48 миллион көрерменнен асады. Ай сайын қолданушылар 70 миллионнан астам сағатын ivi-де өткізеді және 250 миллионнан астам видео көреді. Ivi-де фильмдердің, мультфильмдердің үлкен каталогы ұсынылған – бұл мейджорлар студиясының, сондай-ақ еуропалық, ресейлік және қазақстандық киноөндірушілердің картиналары. Ivi онлайн-кинотеатрын бүкіл әлемде және ТМД елдерінже көптеген құрылғыдан - Smart TV, web, Android, iOS, ойын приставкалары және т.т. – көруге болады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz